Түркістан облысы

Мектеп мұғалімі «AMANAT LIDER» сайысының жеңімпазы атанды

Ордабасы ауданында түрлі сала өкілдерінің қатысуымен «AMANAT LIDER» пікірсайыс турнирі өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Амангелді» атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абай Маханов 10 қатысуышының арасынан оқ бойы озық шығып, жеңімпаз атанды. Көшбасшылық қабілеті мен өз ұстанымын көрсете білген спикер жыл соңында облыстық деңгейде өтетін додадаға аудан атынан қатысады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен, Ордабасы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аталған жоба облыс көлемінде екінші рет өткізіліп отыр. Дебат турнирінің мақсаты – өңір азаматтарын қоғамның өзекті мәселелерін ашық айта отырып шешу жолдарын қарастыруға бейімдеу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, лидерлік және ораторлық қабілетін шыңдауға қызығушылығын оятып, тұлғаға айналдыру мақсат етілген. Сондай-ақ партия идеологиясын жүзеге асыру мақсатында кадрлық резерв пен жақтастар пулын жасақтау жоспарлануда.

Темірлан қаласында өткен пікірсайыстың әділ-қазы алқасының құрамына партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Әлиасқар Бердімұрат, партия ардагері Бостандық Жәкей, Жастар қанаты аудандық филиалының төрағасы Әділет Әбухайыров, «Бадам» БПҰ төрағасы Жанна Майлыбаева, партияның аудандық филиалының өкілі Гүлнар Толыбаева еніп, қатысушыларға өз бағаларын берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша ауданда «AMANAT LIDER» дебат турнирі алғаш рет өткізілгеніне қарамай, бақ сынауға ниеттілердің қатары көп болған. Бәсекенің алғашқы кезеңінде «Ауданның өзекті мәселелері және шешу жолдары» тақырыбы таңдалып, қатысушылар пікірталас жүргізді. Белгіленген уақыт аяқталған соң өзара сұрақ-жауапта сайысты ширата түсті. Ал екінші кезеңге жолдама алған 4 қатысушы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы бойынша қызу пікір таластырып, үздік ойын өрнегін көрсете білді.

Тартысты доданың нәтижесінде 2-орынды иеленген Жеңіс ауыл округі аппаратының қызметкері Сүндет Сапараәлі және 3-орынды еншілеген Қажымұқан ауыл округі әкімдігінің қызметкері Байғали Егемқұлов диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды. «AMANAT LIDER» пікірсайыс алаңының ауданаралық кезекті кезеңі Төлеби ауданында ұйымдастырылады.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.