Түркістан облысы

«Жер аманаты» комиссиясында тұрғындардың арыз-шағымы қаралды

Жер мәселесіне қатысты азаматтардың шағымын қарау мақсатында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде аталған комиссияға келіп түскен өтініштер қаралды. Жиынға партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары П.Тұрсынбаев және комиссия мүшелері қатысты, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жиын барысында Сауран, Төлеби және Сарыағаш аудандарының тұрғындары көтерген мәселелер талқыланды. Сауран ауданындағы Ескі Иқан ауылының әкімі Д.Саитов Б.Тажиметовтың арыз-шағымының зерделеу барысын баяндады.

– Ауыл тұрғыны «Иқан қалашығы» тарихи ескерткішінің маңында жүріп жатқан екі бірдей ғимараттың құрылысы бойынша арыз білдірді. Тұрғынның шағымы назарға алынып, облыстық жер инспекциясы басқармасы мен облыстық прокуратураға аталған мәселе бойынша хат жолданды. Сонымен қатар, Г.Абубакирова есімді азаматша мемлекеттік актіні ала алмай жүргендігін айтып өтініш қалдырды. Себебі Кентау қаласының жер кадастры 2006 жылы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның шешімімен өзге азаматқа мемлекеттік акт шығарғандығы анықталды. Оған қоса, жер телімінің жаңа иесі арызданушының соққан құрылысын бұзып тастаған. Бұл мәселе бойынша қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда және өтініш иелерімен тығыз байланыстамыз ,-дейді.

Сондай-ақ Түркістан облысының прокурорының орынбасары Ж.Нұрғалидің айтуынша шағымдардың қатарында жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдар тарапынан тіркелген өтініштердің жан-жақты қаралмауы бар. Аталған мәселе бойынша облыс аумағындағы барлық аудан және қала әкімдіктеріне хат жолданып, ескерту шаралары қолданылды.

Комиссия отырысында мемлекеттік актіні алу, жер телімінің координаттарын белгілеу және заңсыз берілген жер телімдері жайлы проблемалар да тыс қалмай атап өтілді. П.Тұрсынбаев мәжілісте қозғалған әрбір ұсыныс пен мәселе назарға алынып, жауапты мекемелермен бірлесе отырып нақты шешімдер қабылданатынын айтты.

Биыл партияның облыстық филиалының «Жер Аманаты» коммиссиясы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1 млн. 120 мың гектарға артыруды жоспарлап, екі бағытта жұмыстар атқаруда. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары үшін 521,3 мың гектар жайылым жер қайтарылды.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.