Түркістан облысы

Түркістан: «Ауыл – Ел бесігі» арқылы 105 елді мекенде жобалар жүзеге асырылып жатыр

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, биыл Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 105 елді мекенде 249 жобаны іске асыруға бюджеттен қаржы бөлініп, басым бөлігінде жұмыс жүріп жатыр, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жобаның орындалу барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте кеңінен талқыланды. Өңірдің инфрақұрылымын жақсартып, әлеуметтік нысандарды уақытылы тапсыру керектігін айтқан облыс әкімі жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, тамыздағы дерекке сәйкес 223 жаңа жобаның 191-і бойынша жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарттар түзілген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жалпы 306,7 млн. теңге үнемделген.

Мәжілісте мемлекеттік сатып алу конкурстарын уақтылы аяқтау, қаржыны заң талабына сай мерзімінде игеру мәселелері қозғалды. Құрылыс басқармасы мен Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Созақ, Бәйдібек, Келес аудандары және Арыс, Кентау қала әкімдіктеріне жұмысты күшейту жөнінде міндеттер жүктелді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.