Түркістан облысы

Түркістан: Жетісай және Мақтааралдың өзекті мәселелері талқыланды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, облыс әкімдігінің апталық аппарат отырысында Жетісай және Мақтаарал аудандарының өзекті мәселелері талқыланды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған аудандардағы жобаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары назарда тұрғанын мәлімдеді.

– Ағын су мәселесі өте өзекті. Әсіресе шаруаларға су қажет болатын қазіргі кезеңде босаңсымаған жөн. Екіншіден, су нысандары уақтылы әрі сапалы тапсырылуы тиіс. Аудан басшылары жұмысын дұрыс атқармаған мердігерлер бойынша заң шеңберінде әрекет етсін, – деді Ө.Шөкеев.

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, ауданның елді мекендерін сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Жетісай» АГТС салу» және «Кирово» АГТС салу» жобалары бойынша республикалық бюджеттен тиісті қаржылары бөлініп, жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстың 85% аяқталған. Нысан 2023 жылға өтпелі. Қосымша қаржылар бөлінген жағдайда нысандардың құрылыс жұмыстарын биыл аяқтауға мүмкіншілік бар. Бүгінгі таңда аудандағы елді мекендердің 52,8%-ы табиғи газ жүйесімен қамтылған.

Жиында газ станцияларына қосымша қаржы бөлу. Тік дренаждар мен каналдарды жөндеу, мектептерді күрделі жөндеуден өткізу және өзге де аса өзекті мәселелер талқыланды.

Мақтаарал ауданы бойынша да елдің өмір сапасын жақсарту бағытындағы түйткілдер тарқатылды. Аудан әкімі Бақыт Асановтың мәлімдеуінше, аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 36-сы табиғи газбен қамтылған. Бұл – аудандағы елді мекендердің жалпы санының 52,1% құрайды. Газдандырылмаған 32 елді мекендерді қамту мақсатында Жаңажол және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі елді мекендеріне дейінгі жеткізуші газ құбырының, АГТС «Мақтаарал» және Иіржар ауылдық округіне қарасты 9 елді мекеннің газ нысанының (1720 отбасы, 10658 тұрғын) құрылыстары жүргізілуде. Нысан құрылыстары 2023 жылға өтпелі. Аталған құрылыстарды биыл аяқтау үшін қосымша қаржы қажет екені айтылды. Сонымен бірге 11 елді мекеннің ауыз су жүйесін жаңарту, тік дренаждар мен қашыртқыларды реттеу, жөндеу мәселелері де сараланып, облыс әкімі тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, Жетісай ауданы – Түркістан облысы Құрамындағы аудан. Халықтың қадір-қасиеті 169 267 адам. Орталығы – Жетісай қаласы. Аудан 1955 жылы қазан айының 28-інде құрылған. 1997 жылы сауыр айының 24-інде аудан таратып, аумасы Мақтаарал ауданына берілді. 2018 жылы 5 мамыр күні Қазақстан республикаларының Президентінің жарлығымен Жетісай ауданында қайтадан жеке әкімдік бірлік болып Мақтаарал ауданынан бөлініп шықты. Тұрғындарының көбі мақта шаруашылығымен айналысады.

Ал, Мақтаарал ауданы — Түркістан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Аудан жеріндегі 67 елді мекен 2 кенттік және 8 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Мырзакент кенті. Халқының саны — 133 539 адам. Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты – шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына «НИМЭКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, «ЮТЕКС»-мақта тазарту зауыттары, «Ақ алтын», «Мақтаарал», «Мақташы», «Ынтымақ», «Мырзакент» ашық акционерлік қоғамдары, «Жұлдыз», «Жалын» шаруа қожалықтары, «Ақ май», «Жетісаймай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. «Молчанов және К» спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, «Мақтаарал тәжірибе стансасы», «Оңтүстік су шаруашылығы» мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Білім беру мекемелерінен «Сырдария» университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес колледждері, 117 мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар. Денсаулык сақтау мекемелерінен «Диагностикалық орталық», 6 аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшер-акушерлік пункт бар. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықтарға маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік «Тәуелсіздік» көпірі және ұсақ 5 көпір пайдалануға берілді. Ауданның орталығы – Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық – 232 км. Аудандағы 37 өнеркәсіп орындары 2007 жылдың 1-жарты жылдығында 4 млрд 267 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, орта мерзімдік даму жоспары 101,6% орындалды. Ал, заттай өнімге шағар болсақ, 2006 жылдың тиісті мерзімінің деңгейіне қарағанда мақта талшығы – 644 тоннаға, мақта майы-78 тоннаға аз өндірілді. Нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті мерзімімен саластырғанда 79,4%-ті құрап отыр. 2007 жылғы 1 шілдесіндегі жағдай бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19299-5а жетті, оларда 76,3 мың адам жұмыспен қамтылған. Шағын бизнес өкілдері өндірген өнім көлемі 424,1 млн. теңге болды, бюджетке жалпы 140,7 млн. теңге салықтық төлемдер құйылды. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік саласындағы субъектілер саны 261 бірлікке, өндірілген өнім көлемі 17,1 млн. теңгеге, салықтық төлемдер көлемі 2,1 млн. теңгеге артты. Аудан халқына мәдени қызмет көрсету бағытында 30 мәдениет үйлері мен клубтар және 36 кітапхана, жалпы 68 мәдени ошақтары жұмыс атқарады. 2007 жылы облыстық бюджет есебінен Атакент кентіндегі «Достық» мәдениет үйін 12,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар аудандық бюджеттен мәдениет мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Жалпы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 17,2 млн. теңге бөлініп отыр. Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен көпшілік спортты дамыту бағытында бүгінгі таңда аудан көлемінде 272 спорт нысандары, оның ішінде: 3 стадион, 69 спорт зал, 124 спорт алаңдары, 1 теннис корты, 57 бейімделген ғимараттар және 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.