Түркістан облысы

Түркістан: Ордабасы ауданында 40 мың басқа арналған мал бордақылау кешені ашылады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен ауыл шаруашылық саласын дамытуға арналған семинар өтті, деп newsroom.kz хабарлайды. Семинарға ауданға қарасты ауыл округ әкімдері, шаруалар, сондай-ақ Сайрам, Сарығаш аудандарындағы ірі мал бордақылау алаңдарының меншік иелері қатысты.

Мал шаруашылығы саласындағы өз тәжірибелерімен бөліскен жеке кәсіпкерлер жиын қатысушыларына мал басын арттыру, бордақылау, нарыққа шығарудың қыр-сырын үйретті.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев Шұбар ауыл округі аумағында ірі қара мал бордақылау кешенін құру жобасы жөнінде баяндама жасады.

Айта кетерлігі, алдағы уақытта «Батыс Қытай – Батыс Европа» автодәлізінің Бадам-Шұбар автожолының қиылысқан тұсындағы 400 гектар аумаққа жоспарланған бірегей кешенде автотұрақ, әкімшілік кеңсе, асхана, мұздатқыш қойма, құрама жем өндіру цехы, мал азығын сақтау орны, мал базары және 40 мың басқа арналған мал бордақылау алаңдары болмақ.

Жоба кешені логистика жүйесінің қолайлылығымен ерекшеленеді. Халықаралық автожол арқылы дайын өнімді 30 шақырым қашықтықтағы үшінші мегаполсике 20-25 минутта жеткізуге болса, тоңазтылған ет өнімдерін көршілес облыстар мен шет елдерге (Өзбекстан, Ресей) экспорттауда қолайлы темір жол желісі де аудан іргесінде тұр.

Ірі қара малды азықпен (жем,шөп) қамтамасыз ету үшін арнайы кешен аумағында құрама жем цехы орналастырылып, мал бордақылаушы шаруаларға төмендетілген бағада ұсынатын болады.

Мал бордақылау алаңдарындағы ірі қара малдарға арнайы ветеринариялық лабораториядан тексерулерден тұрақты өткізіліп отырады. Дайын болған бұқашықтар мал сою бекетінде сойылып, бастапқы өндеуден өткізіліп, республика аумағымен шет мемлекеттерге экспортталатын болады.

Жоба бойынша 40 мың бас мал бордақылау алаңдарына шамамен 1 айналымда 36 мың тонна шөп, 48 мың тонна жем азығы қажет етеді. Бұл қажеттілікті ауданның егістік, шабындық алқаптарынан алынатын жем-шөп қоры қамтамасыз етпек.

Мал бордақылау алаңын қажетті инженерлік-инфрақұрылымын қамтамасыз ету мақсатында ауыз су, электр жарығы, көгілдір отын, асфальт, көше жарықтандыру жұмыстары бойынша арнайы жобалар әзірленіп, тиісті мекемелермен бірлескен жұмыстар қолға алынуда.

Айта кетейік, Ордабасы ауданы — Түркістан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1964 жылы құрылған. 1993 жылға дейін «Бөген ауданы» деп аталып келді. Аумағы 2,7 мың км. Орталығы – Темірлан ауылы. Ордабасы ауданың жер бедері жазық. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 метр). Ауданның климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -3-5°С, шілдеде 26-28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-380 милиметр. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы 3-5 м/с. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3-0,4), ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады. Аудан арқылы Арыс және оның салалары – Боралдай (оң саласы), Бөржар, Бадам, Шұбарсу, тағы басқа өзендері ағып өтеді. Ауданның орталық бөлігінде Бөген бөгені салынған. Одан Арыс-Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс каналы жүргізілген.

2007 жылдың алты айында жалпы салықтардың кіріс жоспары 297392 мың теңгені құрап, оның орындалуы 369445 мың теңге болды, немесе 72053 мың теңгеге артық түсіп 124 пайызға орындалды. Республикалық бюджеттің жоспары 30426 мың теңге, түскені 44691 мың теңге болды. Облыстық контингент бойынша жоспары 266966 мың теңге, орындалуы 324754 мың теңге, немесе 121,6 пайзға орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджет бойынша жоспар 163466 мың теңгені құраса, оның нақты түсімі 193713 мың теңге болды, бұл жоспардан 30247 мың теңгеге артық, немесе 118,5 пайызға орындалды. Алты айда ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнім көлемі 1878,2 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 113,5 пайызға артық болды. Ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы көлемі 217299 гектар, оның ішінде егістік жер көлем 80277 гектар, мұның 48270 гектары тәлімі жерлер, 32007 гектары суармалы жерлер. Тыңайған жер 26920 гектар, жайылымдық жер 131616 гектар және көпжылдық қондырғы 514 гектарды құрайды. Барлық масақты дақылдар 20135 га, оның ішінде 19270 га жерге күздік бидай егілді. Жыртылуға тиісті 12 948 га пардың 10114 гектары немесе 78 пайызға орындалды. Мақта 12989, жаңа жоңыршқа 3465, көкөніс 1582, картоп 431, бақша 1658, мақсары 3828, жүгері 1873, күнбағыс 1803 гектар жерге егілді. Жаңадан алма 48,7 гектар, жүзім 15,2 гектар барлығы 63,9 гектар жерге 14 жеке қожалықтар бау, жүзімге құжаттарын өткізді. 2007 жылдың алты айында мал басы өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда ірі қара мал 3343 басқа көбейіп, 67531 басты құрады.

Ауданның өнеркәсіп саласында (шағын, қосалқы, кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторларын қоса алғанда), қолданылып жүрген бағамен есептегенде 844,5 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 120,3 пайызға артты. Ауданда өнөркәсіп өнімдерін өндіретін заңды тұлғалардың саны 19, оның адам саны 50-ден жоғары 3 кәсіпорын, 50-ден төмен адам санымен 10 кәсіпорын, 6 қосалқы шаруашылық жұмыс істейді. Қаржылық емес секторлық корпорация бойынша 389,4 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 133 пайызға артық орындалды. ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, 163 отбасының 817 адамына 2729,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. ҚР «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап 919 отбасыға 3136 балаға 16423,7 мың теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындалып, төленді. Аудан бойынша демеушілердің есебінен 196 адамға 1590 мың теңгенің көлемінде көмек көрсетілді. Аудан бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, зейнеткер жасындағы Батыр аналар мен Алтын алқа иеғерлері, соғыс жылдары тылдағы еңбегі үшін марапатталған және кемінде 6 ай еңбек еткен тыл еңбеккерлері, жасына байланысты және зейнеткер жасындағы мүгедектер азаматтарға «Ардагерлер үйі», «Сарыағаш», «Манкент», «Спутник», «Денсаулық» шипажайлары мен оңалту орталықтарына 139 азаматтарға демалуға жолдамалар берілді. 2007 жылдың алты айының қорытындысы бойынша 452 адам ресми тіркелген жұмыссыздар болып есептеледі. Ресми тіркелген жұмыссыздар-дың 235-і әйел және 217-сі ер азаматтар. 348 адам тұрақты жұмыспен, ақылы қоғамдық жұмысқа 270 адам қамтылды, нысаналы топ бойынша жұмысқа орналасқаны 66.

Аудандық білім бөліміне қарасты 66 мектеп жұмыс істейді, оның 37 орта, 12 негізгі, 17 бастауыш мектептер. Оқушы саны 22212. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны – 14 болса, оның 11-і мектепке дейінгі, 2-і мектептен тыс мекеме, 1-уі балалардың жазғы сауықтыру демалыс орны. Аудан бойынша қашықтықтан оқытудың спутниктік каналы 14 білім мекемесінде орнатылған. Аудан бойынша 66 мектептің 62-не телефон желісі орнатылған, оның 60 интернет жүйесіне қосылған және 2 мектепке ДАМА қондырғылары (спутник) орнатылған. 2007 жылы мектеп кітапханаларын жаңарту мақсатында республикалық бюджеттен 6541 мың теңге, облыстық бюджеттен 14369 мың теңге, барлығы 20910 қарастырылды, алты айында 10731 мың теңгеге кітап қоры жаңартылды. Үстіміздегі жылы мектептерге бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарына 9000 мың теңге жоспарланып, шілде айынан бастап жүргізіледі, ағымдағы жөндеуге 1887 мың теңге қаралып оның 1287 мың теңгесі игерілді. Ауданда халыққа 1 аудандық орталық аурухана, 1 туберкулезге қарсы диспансер, 2 ауылдық аурухана, 1 БМСК Қараспан, 8 дәрігерлік емхана, 42 МБ қызмет көрсетеді. Аудан көлемінде 2007 жылдың 6 айында 1274 бала /2006 жылы 1251 бала туған/ дүниеге келіп, былтырғыдан 23 балаға артып отыр. Өлім көрсеткіші (туған 1000 балаға шаққанда) /2006 ж. 15-14/ 2007 ж. 24-20,6 аудан бойынша өлім 9 балаға артып отыр. Ауданымыздағы жалпы халықты флюорография-лық тексеруден өткізу жоспары 44810 болса оның 19892 адам тексеріліп 44,4 пайызға орындалды. 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруден аудан бойынша 32746 бала өтуге тиісті болса, қазіргі таңда 18458 бала өтіп, 56,3 пайызды құрады.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.