Түркістан облысы

Саунада сауық құрды деген видеоға шенеуніктердің қатысы жоқ

0
(0)

Төтенше жағдай кезінде саунада сауық құрды деген айыппен Түркістан облысы Шардара ауданының әкіміне ұқсайтын адамның моншада отырған видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Карантин режимін бұзды деген әкімнің болған оқиғаға қатысы жоқ деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер ол жерге жат ағым өкілдері жиналып жатыр деген қоңырау бойынша барған. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілген. Шардара әкімінің бұған ешқандай қатысы жоқ екендігін хабарлайды.

Еске сала кетсек, видеоролик түсірген белгісіз адам «төтенше жағдайды қамтамасыз етуі тиіс лауазым иелері түнде моншаға қызметтік көліктерімен барған. Бүгін сәуірдің 15-і, 2020 жылы, Шардара қонақ үйінде тұрған автокөліктер» деп басталады. Шардара ауданы әкімі Қайрат Жолдыбай мен аппарат басшысы Ғалымжан Амантайға ұқсайтын және өзін «бірінші орынбасармын» дегендердің саунада отырған жерінен сау ете түседі.

Ал роликтегі карантин бұзды деген бойынша видео 15 сәуірде түсірілсе, облыста 18 сәуірден бастап қана карантин режимі енгізілген. Сондықтан карантинді бұзу әрекетіне жатпайтыны белгілі болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close