Түркістан облысы

Сарыағаш ауданында студенттерге арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді

0
(0)
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы «Арыстанбаб» жоғары колледжінде студенттерге арналған 100 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
2019 жылы заманауи үлгіде бой көтерген жаңа нысан барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екі қабатты нысанның әрбір бөлмесі төрт адамға арналған. Бөлмелердің іші жиһазбен жабдықталып, жуынатын бөлме салынған.
Ғимараттың ашылу рәсіміне арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Отаршиев жаңа жатақхананың салынуы студенттер үшін маңызды екенін айтты.
«Жаңа ғимарат студенттердің оқуына жəне өз уақыттарын жайлы жағдайда өткізулеріне мүмкіндік береді. Шалғай ауылдардан келіп білім алатын студенттер үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Оқу ордасының студенттері білімді және белді маман болатынына сенемін», – деді ол.
Айта кетейік, қазіргі таңда аталған колледжде жастар 12-гуманитарлық және медициналық мамандықтар бойынша білім алуда. Болашақта маман болатын 1141 студентке 70 оқытушы дәріс беруде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close