Түркістан облысы

Дархан Сатыбалды: «Ордабасы ауданының инфрақұрылымы жақсара түседі»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай Ордабасы ауданына барып, тұрғындармен кездесті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Еркін пікір алмасып, өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Ордабасы ауданын дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндап, жоспарларға тоқталды.

  Аудан, қала тұрғындарымен биылғы кездесуім Ордабасы ауданында түйінделіп отыр. Мегаполиске жақын орналасқан әрі транзиттік әлеуеті жоғары Ордабасы ауданының болашағы жарқын болады деп сенемін. Оған барлық алғышарттар бар. Әсіресе кәсіпкерлік пен индустриалды аймақтарды дамытуға мүмкіндігі мол. Ордабасы ауданының инфрақұрылымы жақсара түседі.  «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 18 елді мекенде 22 жоба іске асырылуда.  Қызылжар, Көлтоған, Төреарық, Ықылас Темір және Дербес елді мекендерінде 5 фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралды Құрылысы 2023 жылы аяқталады. 14 елді мекендегі 47,2 шақырым болатын 20 көшеге қаржы қаралып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, – деген Дархан Сатыбалды алдымен ең өзекті мәселелер – газ, ауыз су, электр тарту және жол салуға басымдық берілетінін жеткізді.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттық-мәдени кешеннің құрылысын аяқтау, Шұбар ауылының ішкі көшелерін реттеу, каналдарды жөндеу, ауыз су жүйесін реттеу, медициналық мекеме ашу және өзге де мәселелер көтерілді. Жеке кездесуде де әлеуметтік және жеке түйткілдер тарқатылды. Бірыңғай қабылдауда өңірдегі құқық қорғау органдары мен департамент басшылары да тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Облыс әкімі әрбір арыз-шағым, өтініш бойынша жұмыс жүретінін айтып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Ордабасы ауданында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарлануда. Инженерлік-инфрақұрылым жүйесін дамыту үшін ауданда 47 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Темірлан кентіндегі 70,0 га аумақта инженерлік-коммуникациялық желілер салу құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бадам ауыл округіндегі индустриалды аймағына және басқа да өндірістік обьектілерге инфрақұрылым салу құрылысы қолға алынған.  Халықтың табысын арттыру мақсатында «Түркістан облысы бойынша жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 2022 жылы Ордабасы ауданы бойынша 2 жарым мыңға жуық жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Қазіргі таңда 2400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты аясында аудан бойынша 10 айдың қорытындысымен 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданнын экономикалық белсенді халық санына қарай 611 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 1345 жұмыс орны ашылды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.