Түркістан облысы

Түркістан облысында туристік бағыттағы жолдарды жөндеуге басымдық берілуде

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккқздеріне сүйене отырып, Түркістан өңірінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін биыл 92%-ға арттыру жоспарланған, деп newsroom.kz хабарлайды.

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов айтты.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің ұзындығы 17 509,5 шақырымды құрайды. 2022 жылғы жоспарға сәйкес, автомобиль жолдары саласы бойынша өңірде 779 нысанға құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Оның ішінде 52 облыстық, 42 аудандық, елдімекен көшелерінен 685 маңызды нысан бар. Жыл соңында 703 нысан немесе 1467,3 шақырым жол мен көше пайдалануға тапсырылады деп жоспарлануда.

Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 87%-дан 92%-ға арттыру жоспарлануда. Жалпы, облыста сапалы жолдардың үлесі 2025 жылға дейін 99,5%-ға жеткізілмек. Жолдарды жөндеуде негізгі басымдық – облыс орталығы мен үлкен елдімекендерді «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізімен қосатын және туристік бағыттағы жолдарға берілген.

– Түркістан облысында туризм саласын дамыту үшін туристік нысандарға баратын жолдардың жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар іске асуда. Бұл ретте, облыстағы ірі жобалардың бірі – Түркістан-Шәуілдір бағытындағы ұзындығы 64 шақырымдық жолдың 35 шақырымында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Кентау қаласынан Түркістанға кіреберіс 26 шақырым жолды қайта құру жұмыстары да атқарылуда. Сонымен қатар Жамбыл облысы мен Түркістан облысын байланыстыратын Созақ ауданындағы 152 шақырымдық облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Бұл нысандар 2023 жылы толық пайдалануға тапсырылмақ, – деді Ролан Ибрагимов.

Сонымен қатар, Төлеби ауданындағы Қасқасу және Біркөлік, Отырар ескі қалашығына баратын жолдар толық жөндеуден өтіп, «Тау самалы» демалыс аймағына баратын жолдың жөндеу жұмыстары биыл басталмақ.

Ал, Сауран ауданын облыс орталығы Түркістан қаласымен қосатын Шорнақ, Майдантал, Қарашық, Жүйнек, Қарнақ елдімекендерінен өтетін жолдарға жөндеу жұмыстары атқарылып, жыл соңына дейін 66,8 шақырымы толық пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданының Келтемашат, Састөбе, Шұқырбұлақ, Майтөбе, Ынтымақ бағытындағы және Қазығұрт ауданындағы Тұрбат, Қақпақ, Қаржан, Жаңабазар елдімекендерін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қосатын жолдарға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, Ордабасы ауданындағы Бадам, Шұбар, Қайнар, Ұялыжар, елді мекендерін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізімен жалғайтын 53,4 шақырым жолдарда асфальт жабындылары жаңартылуда.

Айта кетсек, облыс бойынша жол саласында 30 шақты мекеме қызмет атқарады. Өз жұмысын аяқтап үлгерген мекемелерді қоспағанда қазіргі таңда 10 мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.