Түркістан облысы

Президент сайлауы: Түркістан облысында 1 млн. аса адам дауыс береді

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 7 қазандағы мәліметі бойынша, өңірде 1 млн. 168 мың 477 сайлаушы тіркелген, деп newsroom.kz хабарлайды.

Сондай-ақ, өңірдегі 17 аудан-қала бойынша 519 сайлау учаскесі бар. Қазіргі таңда олардағы материалдық-техникалық жабдықталуы талапқа сай толық дайын.

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиевтің айтуынша, облыс тұрғындары еліміздегі саяси науқандарға белсенді араласып келеді.

«Бұған дейінгі сайлауларда өңір тұрғындарының қатысу көрсеткіші бойынша республикада бірнеше рет көш бастадық. Биылғы Президент сайлауында түркістандық дауыс берушілер белсенділік танытады деп ойлаймыз. Өйткені барлық аудан-қалаларда дауыс берушілердің тізімі жасақталып, сайлау учаскелері сақадай-сай. Енді еліміздегі саяси маңызы зор сайлау күнінде облыс тұрғындарын дауыс беруге шақырамыз», – деді ол.

Айта кетсек, Тәуелсіздік алғалы бері елімізде жалпыхалықтық Президент сайлауы алты рет өткен болатын. Атап айтқанда, 1991, 1999, 2005, 2011, 2015 және 2019 жылдары. Биыл 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20-қараша кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.