Түркістан облысы

Түркістан облысындағы аудан 100 пайыз екпе қабылдады

5
(1)

Шардара ауданының тұрғындары толықтай коронавирусқа қарсы екпе алды. Бұл жерде 78 мың адам тұрады. Ал аймақтағы вакцина салдыруы тиіс 35 625 адамның барлығы қабылдаған. Қалған тұрғындар денсаулық жағдайына байланысты екпе салдырудан босатылған. Оның ішінде кәмелет жасқа толмаған балаларда бар. Сондай-ақ, облыстағы Созақ ауданы 99%, Отырар мен Төле би аудандарының 96% болса, Арыс 95% пен Мақтаарал ауданының 93% тұрғыны екпе салдырған, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы Түркістан обылысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгінгі күні облыста вакцинаның бірінші бөлігін 778 010 адам салдырды, ал екінші компонентті 625 117 тұрғын қабылдады.
Соңғы тәулікте, облыс бойынша коронавирусқа шалдығудың 34 жағдайы тіркелді. Індетті өсу қарқыны – 0,25% құрап отыр. Бүгінде инфекциялық стационарларда 2600 орын бар, 1770 төсек орын бос. Індет басталғалы коронавирустың 13 372 жағдайы тіркелді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button