Түркістан облысы

Түркістан: Шардара ауданына қарасты жолдардан анықталған кемшіліктер бойынша қалпына келтіру ұсынылды

0
(0)

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Сапалы жол» жобасы  аясында Шардара ауданындағы бюждет қаржысы есебінен салынған жолдардың сапасына кешенді мониторингтік жұмыстар жүргізілді.

Жол төселімін бақылаудың негізгі мақсаты – автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мен жаңа төселген жолдар сапасына қоғамдық бақылауды күшейту.

Мониторинг жұмыстарына Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан -адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» зертхана меңгерушілері,  мердігер компания мен техникалық қадағалаушы мекеме өкілдері,    сондай-ақ ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары барысында Шардара ауданына қарасты Оңдасынов, Достық ауылдары мен облыстық маңызы бар автожолдардан жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы жаңадан төселген асфальт бетон жамылғысынан сынама алынды.

Зерделеу барысында Оңдасынов ауылында орналасқан Түгелбаев көшесінен 4 кесінді және облыстық маңызы бар КХ-8 автожолының 25-70 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүрілген нысандардан 5 кесінді сынамасы алынып, нәтижесінде кесінділердің  қалыңдықтары смета құжаттамасына сәйкес келетіні белгілі болды.

Сондай-ақ, 62-63 шакырым аралығында 150м2 асфальтбетон жамылғысының бұзылу деректері анықталды.

Бұған қоса, КХ-8 автокөлік жолдарының 70-111 шақырым аралығында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ТОО «ДОРСТРОЙ» нысанынан 4 дана кесінді мен Достық ауылының маңайында орналасқан ТОО «ДОРСТРОЙ» асфальт зауытынан ірі түйіршікті асфальт қоспасы, оған пайдаланатын құм, қиыршық тас, минералды ұнтақ сынамалары алынды.

Алынған сынамалардың белгіленген нормаға сәйкес немесе сәйкес еместігі зертханалық сараптаманың қорытындысынан соң белгілі  болады.

Ал, жол төселімінен кейбір ақауларды байқаған сала мамандары  анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіп, компания басшыларына қалпына келтіру бойынша ұсыныстар берді.

Айта кетсек, алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалалардың жолдары тұрақты бақылауға алынып, мониторингтік жұмыстар  жүйелі түрде жүргізілетін  болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close