Түркістан облысы

AMANAT партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімін қабылдады

AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімі қабылданды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Съезд барысында 7 адам жарыссөзге шығып, олардың барлығы да алдағы кезектен тыс Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады және партияластарын да қолдауға шақырды.

Осыдан кейін делегаттар Қазақстан Республикасының президенттігіне AMANAT партиясының кандидаты ретінде Қ.Тоқаевты ұсыну мәселесін талқыға салып, бірауыздан қолдау көрсетті.

«AMANAT партиясы XXIV съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынылады», – деді съезд шешімін жариялаған AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Айта кетейік, бүгін барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы партиялықтар «AMANAT»-тың басты саяси іс-шарасына жиналды. Түркістан облысынан барған 65 делегат партияның бастамасына толық қолдау көрсетті. Съезге жалпы 1200 делегат қатысып отыр.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.