Түркістан облысы

Түркістан: Келес ауданында 3 мыңға жуық азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында түрлі жұмыспен қамту шараларымен 100 мыңға жуық жас қамтылатынын айтқан болатын. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, берілген тапсырма шеңберінде Түркістан облысының Келес ауданында нақты істер атқарылып жатыр, деп newsroom.kz хабарлайды.

Биыл Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту оратылығының ұйымдастырумен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 5407 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланып, 2022 жылдың 8 айында 2890 азамат жұмыспен қамту шарасына қатыстырылып отыр. Бұл туралы аудандық халықты жұмыспен қамту оратылығының директоры Н.Темирбаева жалпы жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мәлімдеді.

Келес ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, 57 жұмыс беруші мекемесінен 30 тұрақты бос жұмыс орнын, жастар практикасына – 86, «Күміс жас» жобасына – 6, қоғамдық жұмыстарына 67 бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту үшін аудандағы 8 жұмыс берушіге 8 квота бекітіліп, 2 азамат жолданып отыр. Ал «Пробация есебінде тұрған» азаматтар үшін 7 жұмыс берушіге 7 квота бекітіліп, 2 азамат жолданды.

Айта кетейік, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы Түркістан облысында жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылуда деп 5-қыркүйек күні хабарланған болатын. «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан азаматтардың міндетті зейнетақы жарнасын уақытылы төленуі міндетті. Ал, зейнеткерлікке шығуына 2 жыл қалған азаматтарға арналған жұмыс орындары ашылатын «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыстар күшейтілмек. «Еңбек» бағыты бойынша жыл басынан бері 67 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, жылдық жоспар 96,8 пайызға орындалды. 8 ай қорытындысымен жеке бастамалар бойынша 11 773 жұмыс орны ашылған. «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі» кешенді жоспарының Түркістан облысы бойынша орындалу барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында сарапталды. Бұл бағыттағы жұмыстардың барысымен танысқан облыс басшысы жұмыссыздық мәселесін шешудің жолдарын көрсетті.

– Біз өз ресурстарымызбен жаңа жұмыс орындарын ашуға мән беруіміз керек. Бұл мәселені арнайы пысықтаймыз. Кәсіпкерлік, инвестиция, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту саласына жауапты басқарма басшыларына 2 апта уақыт беремін. Инвестиция тарту, кәсіпорындарды көбейту, жұмыс орындарын ашу бойынша ұсыныстарыңызды дайындап келіңіздер. Аудан, қала әкімдері де бұл түйткілге мән берулері тиіс. Аудандардан шыққан ірі кәсіпкерлерді елге шақырып, елге пайдалы жобаларды жүзеге асыруға көмектесіңіздер. Біз де өз тарапымыздан толық қолдаймыз. Екіншіден, Түркістан облысының оңтүстік бөлігінде бір миллиондай тұрғын бар. Сол аймақты да дамытып, инфрақұрылымын реттеп, жастарды тартатындай жұмыс орындарын ашу қажет. Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстар күшейтіледі, әр әкімге, басқарма басшыларына осы бойынша индикаторлар әзірленеді, – деді Дархан Сатыбалды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.