Түркістан облысы

Мәдениет саласының мамандары президент жолдауына қолдау білдірді

Бүгін Түркістан облысы мәдениет басқармасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауына арналған жиын өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Басқосуға басқармаға қарасты мекеме басшылары мен қызметкерлер қатысты.

Алдымен мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев сөз алып, Президент Жолдауында айтылған елдегі өзекті мәселелердің шешу жолдарын айқындайтын негізгі 5 бағдарға тоқталды.

– Биылғы Жолдау «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың жаңа кезеңін бастауға тікелей бағытталып отыр. Президентіміз Жолдауда ұрпақ тәрбиесінің мықты негізі дамудың басты бағыты екендігін баса айтты. Біз, осы орайда Жолдауға қолдау білдіру үшін, ондағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мәдениеті бекем, руханиятқа жақын ұрпақ тәрбиелеу ісіне атсалысып келеміз. Осы мақсаттағы жұмыстарды алдағы уақытта да қарқынды түрде жүзеге асыруымыз қажет, – деді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков өз кезегінде қаржылық бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, мекемелерде сыбайлас жемқорлық пен діни ағымдарға қарсы жұмыс жүргізу керектігін айтты.

Бұдан кейін сөз алған Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының директоры Ержан Исатаев Жолдаудағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталып, театрда жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарын баяндады. Ал музей саласы бойынша «Ұлы дала Елі» орталығының директоры Гүлжанат Дюсенбаева жолдаудың маңызды тұстарын атап өтті. Содан соң облыстық музейлер арасында ауқымды шара өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония басшысы Нұрсәт Бейсеқожаев мәдени іс-шаралар бойынша баяндама жасап, Жолдаумен қатар мекеменің жеткен жетістіктеріне тоқталды. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова кітапханашылардың Жолдауды насихаттауға атсалысатынын, еліміздегі заманауи кітапханаға жаңа оқу жылында тіркелушілер саны артқанын қуана жеткізді.

Сондай-ақ, басқосуда әр сала бойынша шешімін таппаған мәселелер ортаға салынып, шешу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар алдағы жоспарлар талқыланып, мерейтойлар мен атаулы күндерді атап өтуге қатысты ұсыныстар айтылды.

Фото: Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.