Түркістан облысы

Түркістан: 2 мың шақырым жол жөнделеді

0
(0)

2021 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79%-дан 87%-ға арттыру көзделуде, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Аталған индикатор көрсеткішін үш жылда 99,5%-ға арттыру жоспарлануда. Облыс бойынша 2021 жылға жоспарланған автомобиль жолдары саласын дамытудың орындалуы туралы Түркістан облсының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды.

Биылғы автомобиль жолдары саласын дамытуға бөлінген қаржыға Түркістан облысында 600-ден астам нысан, не 2 мың шақырымға жуық жолдар мен көшелер қамтылған. Оның жартысына жуығы жергілікті маңызы бар жолдарға, яғни облыстық, аудандық және елді мекен көшелерін жаңартуға бағытталған.

Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарында ұзындығы 50 шқ. жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, осы аудандарда Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шқ. асатын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жол бетін өңдеу әдісімен жөндеуден өткізілуде. Жақын күндіреді бұл жолдар толықтай пайдалануға беріледі.

Биыл Түркістан-Кентау, Түркістан-Балтакөл, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар, Арыс-Шардара бағыттарындағы жолдарды пайдалануға беру және Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жұмыстарын аяқталуға жақын.

Ал, Түркістан қаласына Кентау қаласынан кіреберіс 26,6 шқ жолды қайта құру жұмыстары басталды. Түркістан – Балтакөл, Түркістан-Қарнақ-Кентау бағыттарында 80 шқ. жол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Түркістан-Қарнақ-Кентау, Кентау-Ащысай бағыттарындағы 87 шқ. жолдарды жөндеуге тиісті қаржысы қаралды. Шардара-Арыс бағытындағы жалпы ұзындығы 41 шқ жолдың күрделі жөндеу жұмыстары жақын күндері толық аяқталады.

Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шымкент-Көксәйек бағыттарындағы 50 шқ. күре жолдар жөнделуде. Отырар ауданының Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм және Отырар қалашығы бағыттарында жолды орташа жөндеуге тиісті қаржы қаралды. Ордабасы ауданының Темірлан-Қызылсеңгір, Қайнар-Ұялыжар, Бадам-Шұбар бағыттарындағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандар келер жылға өтпелі. Қазығұрт, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандары мен Арыс қаласында жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button