Түркістан облысы

Qazvac вакциасының 50 мың дозасы жеткізілді

0
(0)

Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауыттан 50 000 доза көлемінде отандық вакцина жеткізілді, деп хабарлайды newsroom.kz. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы вакцинация басталғалы 816 645 доза келіп жеткен. Айта кетейік, 769 707 адам вакцинаның бірінші құрамын салдыруға ниет білдірген. Екінші компонентін 621 313 адам қабылдаған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.

Қазір облыс аумағында 141 екпе қабылдау пункттері жұмыс істейді.

Бүгінде облыс «жасыл аймақта» тұр. Өңірде 6 қыркүйекте COVID-19 індетінің 53 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0.40 % құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 2 600 орын бар. Мұнда 950 науқас ем қабылдап жатыр. Коронавирустық инфекцияның әртүрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жалпы пандемия белең алғалы КВИ-дің 13 238 жағдайы анықталды. Сондай-ақ, бүгінге дейін 987 726 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1226 адам тексерілді.

Бүгінде вакцина сақтайтын қоймада көлемі 300 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш (-20оС) бар. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр құрайтын 20 дана мен 601 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш сатып алынып, толық жеткізілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button