Түркістан облысы

Карантин режимін бұзғандарға хаттама толтырылды

Шілде айында 67 аудан тұрғынынан коронавирус инфекциясын жұқтыру фактісі анықталып отыр. Дегенмен, кейбір аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері мәселенің маңыздылығын ескермей жанұялық жиындарды өткізуді доғармай отыр, деп NewsRoom.kz. порталыТүлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің жанынан құрылған мобильді топ мүшелерімен 5 кәсіпкерлік нысанның (Жазира, Қаратау, Жеті қазына, Тома кафелері мен Сұлтан спорт кешені) және 1 жеке азаматтың (үй ауласында той өткізгені анықталды) карантин режиімінің бұзғандығы анықталып, хаттама толтырылды.

Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен лездемелік жиында аудан аумағында коронавирустық инфекциясымен күресу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, әлеуметтік – экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің 6 ай қорытындысымен орындалуы, аудан аумағындағы дәнді–масақты дақылдарының жиналу барысы және өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселелер қаралды.

Аталған мәселелер бойынша жауапты басшылар тарапынан баяндамалар жасалып, саладағы өзекті мәселелер талқыланды.  Жиынды қорытындылаған аудан басшысы бүгінгі таңдағы эпидемиологиялық ақуалдың күрделі екендігіне тоқталып, екпе егу жұмыстарын қарқындатуды, мобильді топтарға рейдтік шараларды үзбей жүргізуді және халыққа карантин талаптарын түсіндіруді жандандыру қажеттігін атап өтті.

Аптап ысттыққа байланысты өрт болу қауіпінің жоғары екенің айтып, ауыл әкімдеріне өрт қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауды ескерді. Қауіпті аймақтарда қажеттілігіне қарай минералды жолақтар(жасанды өрт тосқауылы) жасауды тапсырды. Сондай-ақ, елді мекендердегі тазалық мәселесі де басты назарда болу керегтігін атап өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.