Түркістан облысы

Түркістандық спортшы Токиода алғашқы жеңісіне қол жеткізді

0
(0)

Түркістандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшсі.

Токио қаласында өтіп жатқан олимпиада ойындарында түркістандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 52 келіде сынға түскен Сәкен бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы 4:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Түркістандық спортшы Токио олимпиадасында жүлдемен оралатынына сенімді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button