Түркістан облысы

Шардарада жаңадан отау құрған ерлі-зайыптылар алғаш рет сайлауда дауыс берді

0
(0)

Түркістан облысы Шардара ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, NewsRoom.kz. тілшісі

Жаушықұм ауылдық округінің тұрғындары Ержан Қожантай мен Әсел Айтбай сайлау науқанына немқұрайлы қарамай, белсенділік танытуды азаматтық парызым деп біледі.

«Бұл – өзіміз тұрып жатқан ауылдың болашағы үшін аса маңызды науқан. Сондықтан жұбайым екеуміз азаматтық құқығымызды пайдаланып, таңдау жасадық. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының көтерілуі, жас кәсіпкерді қолдау сияқты маңызды мәселелер болашақ әкімдердің қолында. Сол үшін де іскер, білікті әкімді халықтың өзі сайлап алғаны өте орынды деп ойлаймын», – дейді Ержан Қожантай.

Айта кетейік, жалпы Жаушықұм ауылдық округінде 2452 тұрғын болса, оның 1274-інің дауыс беру құқығы бар.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button