Түркістан облысы

Сарыағашта із-түзсіз кеткен 15 жасар қыз төрт күннен соң Шымкенттен табылды

0
(0)

Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған 15 жасар қызды тапты, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полициясына жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, кәмелет жасына толмаған 15 жасар қызы үйінен 4 күн бұрын ешкімге айтпастан шығып кетіп, қайта оралмаған. Ата-анасы қызын өз бетінше іздеп, таба алмаған. Сарыағаштық полицейлер ата-анасының қызды іздеуге жоғалтқан 4 күнін ескеріп, іздеу жұмысына жеке құрамды жұмылдырды. Сонымен қатар, арнайы жедел уәкілдер тобы Шымкент қаласына аттанды. Осылайша жан-жақты жүргізілген іздеу жұмысы нәтиже берді. Полицейлер жоғалған қызды Шымкент қаласынан тапты.

Белгілі болғандай, анасы мен қызы өзара сөзге келіп қалған. Ашуға бой алдырған 15 жасар қыз Шымкент қаласындағы құрбысының үйіне кетіп қалып, телефонын сөндіріп тастаған. Бүгінгі таңда жоғалған қыз отбасымен қайта қауышты. Тәртіп сақшылары қыз бен оның отбасы мүшелеріне түсіндіру жұмысын жүргізді. Қызының аман табылғанына риза болған анасы сақшыларға алғысын айтты.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. «Балаларыңыз немесе жақындарыңыз жоғалған жағдайда, тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз» дейді полицейлер.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button