Түркістан облысы

Майлыошақ Қызылордаға көмек жіберді

0
(0)

Қазығұрт ауданының белсенді азаматтары Құрмет Талапқазының бастамасына қолдау білдіріп, Қызылорда облысындағы қуаңшылыққа байланысты Майлыошақ елді мекенінің шаруа қожалық иелері мен ауыл тұрғындары көмек ретінде жоңышқа, шөп, сабанды Қызылорда облысына жіберу үшін жинау үстінде. Бұл туралы Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NewsRoom.kz. тілшісі хабарлайды.
Жалпы Түркістан облысында қуаңшылықтан мал қырылып жатқан Қызылорда, Маңғыстау облыстарына жем-шөп жіберу бастамасы көпшілік тарапынан зор қолдау тапты. Жуырда былтыр топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданы Өргебас ауылының тұрғындары Маңғыстау облысына 1 вагон шөп жөнелтті. Ол Жаңаөзендегі шөп жетіспеушілігінен қиындыққа тап болған шаруаларға тегін үлестіріледі.  Ауданның құрметті азаматы Ережеп Қанаевтың бастамасымен ауыл халқы 1,6 миллион теңгеден астам қаржы жинап, қолдағы қаражатқа 1 100-ге жуық нығыздалған шөп (пресс) сатып алынған. Сондай-ақ,  ауылдың 30-дан астам жігіттері Сарыағаш ауданындағы Құрмет Талапқазы бастаған еріктілер тобына қосылған. Жақсылыққа жаны құмар жандардың айтуынша, қиын сәтте бір-бірімізге қолдау көрсету — азаматтық парыз.  Айта кетері, бұған дейін Қазығұрn ауданында аудан әкімдерімен жиын өткізген Өмірзақ Шөкеев;

«Облыста мал азығын сататын агроқұрылымдардың тізімі жасақталып, тікелей шаруалармен байланыс орнату жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ, алдағы уақытта мал азығы тапшылығы тәуекелділігінің алдын-алу, бағасын тұрақтандыру мақсатында Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы орман қорындағы, босалқы және жайылым жерлерінен табиғи шөптерін жинап алу жөнінде 2 облыс әкімдіктері арасында меморандум жасалды. Бұдан бөлек, облыстағы орман қорының жерлерінен табиғи шөптерді орып алу ұйымдастырылуда және Бәйдібек, Созақ, Шардара аудандарының жайылымдарын пайдалануға тапсырма берілді»,- деген болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button