Түркістан облысы

Парламент депутаты түлкібастықтармен кездесті

0
(0)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ертаев Сырым Маханбетұлы Түлкібас ауданына арнайы іссапармен келіп, аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жергілікті тұрғындармен аудан аумағындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NewsRoom.kz. тілшісі хабарлайды.  Бірінші кезекте халық қалаулысы Мичурин ауылдық округіне табан тіреп, соңғы технологияларды пайдалану арқылы алма баудан мол өнім жинап жүрген «Мөлдір» ЖШС-де болды.

Бүгінде шаруашылықта 130 гектар қарықынды бау бар. Оның ішінде 110 гектар алма бауы. Сондай-ақ, биыл шаруашылық Турция елінен арнайы алынған жоғары сұртты мол өнім беретін «Американка» шиесін 20 гектар жерге отырғызған. Күз айларында қосымша аталған жеміс түрінің 30 гектарын отырғызуды жоспарлауда. Содан соң, Мәжіліс депутаты көршілес орналасқан «Мичурин-Алма Экспорт» ЖШС-нің жұмысымен танысты. 1970 жылы соғылған зауыт 2002 жылы серіктестік ретінде құрылған. Серітестік жылына 5 мың тонна алма және жүзім жемістері қайта өңдеуден өткізіп шырын және шараптың бірнеше түрін шығарып, еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтуде.

Шаруашылық пен кәсіпорын Үсембаев Қалмахан есімді кәсіпкерге тиесілі. Кәсіпкер бүгінде тұрақты жұмыспен 100 адамды, ал мерзімді жұмыспен 200 жуық аудан тұрғындарын қамтып отыр.  Кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында Мәжіліс депутаты сол ауылдың ақсақалдарымен жолығып, өтініштеріне құлақ асты. Ауыл ақсақалдары көпшіліктің көкейінде жүрген жайылым мәселесін көтеріп, шешу жолдарын халық қалаулысымен талқылады.

Сырым Махамбетұлы мәселені шешу мақсатында айтылған өтініштерді партиялық аппараттың жиынында талқылап, тиісті заңдарға өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныстар дайындалатындығын жеткізді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button