Түркістан облысы

Түркістан мен Жамбыл облыстарын жалғайтын жол жөнделіп жатыр

0
(0)

Түркістан мен Жамбыл облыстарын жалғайтын жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Түркістан облысының Созақ ауданы мен Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласын байланыстырып жатқан жалпы ұзындығы 24,6 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар (КХ-189 «КХ-2-Жаңатас») автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстарды Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Шымкентдорстрой» ӨК» мердігер мекемесі жүргізіп жатыр. Бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес, жолдың жарамсыз жерлерінде асфальт жабынын бұзып, жол негізін қайта қалпына келтіру және екі қабат асфальт жабынын салу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, асфальт қабатының жарамды жерлерінде бір қабат асфальт жабынын салу жұмыстары қарастырылған.

Аталған жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Бүгінгі таңға дейін, 24,6 шақырым жолдың 14 шақырымына ірі түйіршікті, 10,5 шақырымына майда түйіршікті асфальт жабыны төселген. 2020 жылы басталған жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталып, жолды толық пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылауға алынған.

.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button