Түркістан облысы

Түркістан 6 секторға бөлініп, қала тұрғындарының мәселелері қаралып жатыр

0
(0)

Түркістан қаласында 6 сектор құрылып, мониторингтік жұмыстар арқылы халықтың өтініштері, мәселелері қолға алынуда, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Түркістан қаласы тұрғындарының тіршілігін жақсартуда қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 109 – Бірыңғай байланыс орталығымен бірлесе Түркістан қаласында 6 сектор құрылып, мониторингтік жұмыстар арқылы халықтың өтініштері, мәселелері қолға алынуда. Атап айтсақ, Яссы, Сауран, Шавгар, Бекзат, Отырар, Бірлік мөлтек аудандары болып бөлінген секторларда мамандар тұрғындардың өтініш, шағымдарын 109 – Бірыңғай байланыс орталығының жүйесіне тіркеп жатыр.

Қазіргі таңға дейін секторлардан 56 өтінім тіркелген. Оның ішінде: Яссы м/а 14 өтінім, Шавгар м/а 9 өтінім, Бірлік м/а 7 өтінім тіркелген және Сауран м/а 14 өтінім, Бекзат м/а 3 өтінім тіркелген. Тіркелген әрбір өтініштер қала әкімідігінің дербес бөлімдеріне жолданып, орындалуы сектор меңгерушілері мен инспекторлар тарапынан қадағалау жүргізіледі. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың өкімімен құрылған секторлардың жалпы мақсаты – әр мөлтек аудандағы халықпен коммуналдық, тұрғын үй шаруашылық және әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шаһар тіршілігін жақсартуды жандандыру.

Ал, секторлардың жалпы қызметі – сектор тұрғындарының өтініш, шағымдарын 109 – Бірыңғай байланыс орталығының базасына тіркеп, тіркелген әрбір өтініштер қала әкімідігінің дербес бөлімдеріне жолданып, орындалуын қадағаланады. Сонымен қатар, дербес бөлімнен жолданған жауаптар сараланып, сектор қызметкерлеріне жолданады. Әрі қарай сектор қызметкерлері келген жауапты тұрғынға жеткізу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы, аталған секторларда қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов бастаған бөлім басшылары және әкімдік қызметкерлері мониторинг жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың қажеттілігін тудырған мәселелерді қарастыру жұмыстарын қолға алып, кездесулер өткізуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button