Түркістан облысы

Түркістан: Кентаулық «Замира» қызанағына сұраныс мол

Кентау қаласында өндірілетін «Замира» деп аталатын қызанақтың сорты өзге өңірлерге де сатылымға шығып жатыр, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Абдашим Юлдашев 2009 жылдан бастап жылыжай шаруашылымен айналысып келеді. Кәсіпкер бүгінде 0,2 га аумақта көкөністің екі түрін өсіріп, өнім алуда. «Замира» деп аталатын қызанақтың сортын егуді қолға алған ол жылына 30-40 тонна өнім алуда. Ол қызғылт қызанақ пен қияр өнімін Кентау қаласынан бөлек өзге өңірлерге де сатылымға шығарады. Жылыжай шаруашылығын отбасылық кәсіпке айналдырған қожалық иесі ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің бүгінгі таңда өнімін тасымалдайтын 3 дана ауыр және 1 дана жеңіл көлігі бар. Сорты ерекше қызғылт қызанақ пен қиярға деген сұраныстың артуына байланысты тағы бір жылыжайдың құрылысы жүргізілуде. Күз мезгілінде құрылысы аяқталса көшеттерді егіп, өнім алу жоспарлануда. Кәсіпкер осылайша жылыжайдың көлемін 0,5 га аумаққа ұлғайтуға ниетті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.