Келес ауданыТүркістан облысы

Келесте соғыс ардагерлеріне арналған аллея мен ескерткіш ашылды

3.7
(3)
Бүгін «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Келес ауданында Ардагерлер аллеясы мен Ауғанстан соғысы және Тәжік-Ауған қақтығысына қатысқан ардагерлеге арналған ескерткіш-монументтің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шара Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесіне арналды.
Жиында Келес ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының төрағасы Ақментай Есбаев, ТМД жанындағы интернационалист жауынгерлер коммитеті төрағасының орынбасары, ҚР «Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері» одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов, «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков, және өзге де ардагерлер ескерткіш-монументті ашып, мәңілік алауды жақты. Аудан имамы Айдар Садықов қаза болған соғыс ардагерлеріне құран бағыштады.
Аудан әкімі Ақментай Есбаев Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелерімен құттықталы.
 «Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысында құрбан болған ардагерлеріміздің ерліктері мен жауынгерлік жолдары – бізге өнеге.  Жастарды отансүйгіштік тәрбиеге баулуға және аудан тұрғындарына  мәдени демалыс орнын ұсыну мақсатында осы аллея мен ескерткішті ашып отырмыз» – деді ол.
Іс-шараға келген мәртебелі қонақтар да мерекемен құттықтап,  жүрекжарды тілектерін жеткізді. Қонақтар мен ардагерлер жаңа ашылған ескерткіш-монументке гүл шоқтарын қойып, қаруластарын еске алды.
  Жиында Ахмет Жұмабековтің сөзіне жазылған композитор Бақыт Ілесовтің «Ардагерлер» әнінің тұсауы кесілді. Оны «Әшірәлі Кенжеев» атындағы Келес аудандық мәдениет үйі әншілері шырқады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button