Түркістан облысы

Түркістан: Кентау қаласында құрылысы жұмыстары қарқын алады

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардың жаңа бас жоспарын таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, биылғы жылдың 5 айындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады деп жазады newsroom.kz.

Бас жоспарға сәйкес Кентау қаласын дамыту төрт ірі аумақты қалыптастыру арқылы жүзеге асырылмақ.

Дамудың даңғыл жолына түскен моноқалада заман талабына сай ғимараттар бой көтеріп, құрылыс алаңына айналмақ. Мәселен, жаңа әкімшілік іскерлік орталық, бала-бақшалар мен мектептер, Халыққа қызмет көрсету орталығы нысандарының салынуы жоспарланған. Сондай-ақ, 300 төсек орынды аурухана, спорт сарайы, аумағы 16 га болатын университеттің де құрылысының жүргізілуі көзделген.

«Бас жоспарда қаланың ескі бөлігін ретке келтіріп, инвесторларды тарту арқылы жаңа аумақтарда туристік, әлеуметтік және коммерциялық заманауи нысандар мен демалыс орындарын салу жоспарланған. Туризм саласын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін біршама жұмыстарды атқарылады»,- деді Рашид Абатұлы.

Сондай-ақ, «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қала аумағында 42 «Сергек» бейнебақылау камерасы орнатылған. Қала тұрғындарының басым бөлігі қоғамдық көлікпен жүретіндіктен тозығы жеткен. Оларды ауыстыру қарастырылуда. Ол үшін «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы тасымалдаушы мекеме тарапынан қалаішілік және қаламаңы бағыттарына қатынайтын 15 жаңа қоғамдық көліктерді жаңарту бойынша тиісті жұмыстар атқарылмақ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.