Түркістан облысы

Түркістандық Сәкен Бибосынов Токиода қола жүлдегер атанды

Бокстан Токио Олимпиадасында 52 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды NewsRoom.kz. тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Қазақ ұланы Сәкен Бибосынов Ұлыбритания өрені Галал Яфаймен кездесті.
Алғашқы раундта британдық боксшы өте белсенді болған. Бірақ сергек әрі сауатты әрекет еткен Сәкен адуынды қарсыласын қарымта соққылармен күтіп алып жүрді. Әттеген-айы, бірінші раундта Сәкен ногдаун алып қалды. Дегенмен екінші және үшінші раундтарда Сәкен үнемі шабуылдап, басым болып тұрды. Соқылары да дөп тиген. Төрешілер олай ойламапты.
Нәтижесінде Яфай 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Ал Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
Сәкен Бибосынов — Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғыны. Ұлттық құрама мүшесі. Отандасымыз Токио төрінде 4 кездесу өткізді. Ол Пуэрто-Рика, Франция, Испания боксшыларын жеңді. Жалпы Түркістан облысынан Токио Олимпиадасына 5 спортшы аттанған болатын. Солардың бірі қола медальға ие болып, сенімді ақтады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.