Түркістан облысы

Соңғы деректер шықты: Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта

0
(0)

 

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта орналасқан деп жазады NewsRoom.kz. тілшісі.

Соңғы деректер бойынша: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. «Жасыл» аймақта Түркістан облысы ғана тұр.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7792 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 610 744-ке жетіп отыр. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте елімізде қауіпті вирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады. Ең көбі Нұр-Сұлтанда: Елімізде бір күнде 158 адам КВИ-дан қайтыс болған Оған сәйкес 3 тамыз күні Қазақстан аумағында 125 адам – коронавирустан, тағы 33 адам – пневмониядан қайтыс болған.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтанда – 23 адам және Шымкент қаласында тіркеліп отыр – 19 науқас.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button