Түркістан облысы

Парламент сенатының депуттары Түркістанда

0
(0)

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев Түркістан облысының барлық аудан әкімдерімен, маслихат депуттарының қатысуымен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды NewsRoom.kz.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев және БАҚ өкілдері қатысты.
Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өткен жиын барысында Сенаторлар Парламент Сенатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, Сенатта қаралған Заң жобаларына тоқталып өтті.
«Біздің мақсатымыз- заң шығару жұмыстарымен қатар Түркістан облысының өзекті мәселелеріне көмектесу. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыларға ықпал ету. Аудандардың, қалалардың әлеуметтік экономикалық дамуына тілектес болу, атсалысу. Соның ішінде, Түркістан облысының жаңа облыс ретінде Түркістан қаласының түркі әлемінің рухани астанасы ретінде, соның дамуына біз осы елдің тумасы ретінде, өздеріңіз сенім білдіріп сайлаған сенат депутаты ретінде соған атсалыссақ деген ниет», – деді Әли Әбдікәрімұлы жиын барысында.
Өз кезегінде, жиынға қатысушылар көкейтесті мәселелер бойынша бірнеше өзекті сұрақтар қойып, шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, басқосуда елдегі кедейлік шегін көтеру мәселесі көтерілді. Әлеуметтік, экономикалық, кәсіпкерлік бағыттар бойынша сауалдар қойылды. Суармалы жер көлемін арттыру, ағын су тапшылығын шешу, тұқым шаруашылығын дамыту секілді маңызды мәселелер төңірегінде жан-жақты пікірлер ортаға салынды. Ауыл әкімдерінің имиджін қалыптастыру турасында айтылды.
«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында айтылған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ендіру туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы әзірленіп қабылданды. Тарихи саяси науқан ашық өтті», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев.
2021 жылдың 15 қаңтары мен 30 сәуірі аралығында ҚР Парламенті Сенаты қоғамдық өмірдің әртүрлі саласын қамтитын 63 заң жобасын қарап, қабылдады.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button