Түркістан облысы

Түркістандық боксшы Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды

0
(0)

Түркістандық спортшы Сәкен Бибосынов Олимпиадада кезекті қарсыласын жеңді, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Токио төрінде рингке шыққан боксшы Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдама алды. Енді екі рет жеңсе олимпиада алтынын алады. Келесі кезеңде жеңілген күннің өзінде қола қалтада. 52 келі салмақта шарша алаңға шыққан Сәкен Бибосынов испаниялық Габриель Эскобарды 1 раундтың басында нокдаунға жібергеніне қарамастан австралиялық төреші Испаниялыққа 10 деген баға қойды. Үш раунд бойы білгенінен жаңылмаған отандасымыз шегіне жүріп, әдемі бокс өрнегін көрсетті. Жартылай финалда Сәкен Бибосыновты британиялық Яфай Галал күтіп тұр. Ал, 63 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Закир Сафиуллин Австралия боксшысынан жеңіліп қалды.

Сондай-ақ, бүгін грек-рим күресінен 87 келі салмақ дәрежесінде кілемге шыққан палуан Нұрсұлтан Тұрсыновта германиялық қарсыласына есе жіберді. Каноешілер Сергей мен Тимофей Емельяновтар финалдық жарысты 12 орында аяқтады.

Бокстан Токио Олимпиадасында бақ сынап жатқан түркістандық спортшы Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдама алғанына қуаныштымыз.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button