Түркістан облысы

Түркістанда ерекше стелла салынып жатыр

5
(1)

 

Түркістан қаласына кіреберісте «Түркістан» жазуы бар ерекше стелла салынып жатыр, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Биіктігі 11 метрге жететін, жалпы алаңы 28 метрге созылған стеллаға 70 жарықшам орнатылады. Жаңа нысанның құрылысы жақын күндері аяқталады деп жоспарланып отыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылады.

Облыс басшысы Түркістан қаласының әмбебап «ЭКО базар» мен автовокзал құрылысының айналасын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Ғимарат айналасын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жасыл аумаққа 5 мың ағаш отырғызылып, жарықтандырылады, суару жүйесі іске қосылады.

«ЭКО базарда» көтерме саудаға 450 орынға қойма, бөлшек саудаға 3500-4000 орынға лайықтап дүңгіршектер салынуда. Бүгінгі күні базар аумағына орналасуға кәсіпкерлер тартылып, ірі өндіруші мекемелермен келісімшарт жүргізілуде. Отандық кәсіпкерлермен қатар, жаңа базарда шетел кәсіпкерлері де өз өнімдерін саудаға салады.

Облысы басшысы құрлысы жүріп жатқан Ясауи көшесінің бойында орналасқан желілік саябақты аралады. Қаладағы Яссы көшесін күрделі жөндеу жұмыстары мен «Түркістан – арена» стадионының айналасын көгалдандыру барысымен танысты. Жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button