Түркістан облысы

Сыныптасының 4 қойын заңсыз сатып жіберген

0
(0)

Арыс аудандық ПБ кезекші бөліміне ауылдың бір тұрғыны өзінің малын бағуды сеніп тапсырған танысы оның мал жайылымынан 4 қойын заңсыз сатқаны туралы арызданған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Кентау қаласы әкімдігінің facebook парақшасына сілтеме жасап.

Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен төрттен бір миллион теңгені құрады. Басқа адамдардың қойларын сатқаннан кейін қойшы мал жайылымын тастап, қылмыс орнынан қашып кетті.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша Арыс АПБ-ның СДТБТ-не тіркеп, жасырынған күдіктіні іздеуге кірісті.

Арыс ПБ-нің полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтап, оны Арыс қаласында ұстады.

Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы болып шықты. Ұсталған шопанды тәртіп сақшылары болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде алынған қойлар заңды иесіне қайтарылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close