Тарих

Түркістан облысы репрессия қайраткерлері жайлы ақиқат негізі

Соңғы кездерi баспасөз беттерiнде жұртшылықты елең еткiзген бiрер хабар болды. «Жас Алаш» газетi көтерген мәселеге байланысты, Мағжан Жұмабаевтың сүйегiн iздеген арнайы экспедиция Магаданға барып қайтты. (Бiреулер сол өңiрден өткен ғасырдың 90-шы жылдарында Сәкен Сейфуллиндi де таппақ болған-тын). Халықтық кино саласының белгiлi маманы Еркiн Рақышев Мәскеуден әйгiлi қайраткерлерiмiз Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзiр Төреқұловтың атылғаннан кейiн жерленген орнын тапқанын айтып жүр, деп newsroom.kz жазады turkystan.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Осыларға байланысты, Қазақстанның «Әдiлет» тарихи-ағарту қоғамы өзi шаңырақ көтергелi шұғылданып келе жатқан кей жәйттерге жұртшылық назарын тағы бiр аударуды қажет деп тапты.

«Әділет» тарихи-ағарту қоғамын құру жөніндегі бастама қайта құру жылдары Мәскеудегі «Мемориал» қозғалысы үлгісімен дүниеге келген болатын. 1988 жылы дайындық комитеті құрылды. Комитет жұмысы барысында бастамашылар тоталитарлық биліктің өз халқына қарсы жасаған қылмыстарын әшкере етуді, ашаршылықтың, саяси қуғын-сүргіннің шындықтарын ашуды мақсат еткен ортақ мұратқа тоқайласты. Содан, 1989 жылғы көктемде, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Санжар Жандосовтың басшылығымен республикалық ерікті қоғам дербес шаңырақ көтерді. Көп кешікпей, «Әділеттің» орынды талаптарына байланысты, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті «үлкен террор» жылдары атылған қазақстандықтардың алғашқы тізімін берді (назар аударыңыздар: тізімнің бірінші данасы «Әділетке», екінші данасы Қазақ республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жіберілді! Бұл – демократиялық ахуал өмірге әкелген «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының беделі өсіп, әміршіл жүйені мойындатқанының нақты көрінісі болатын). Ұзамай «Әділет» пен республикалық МҚК арасында жақсы байланыс орнады.

МҚК қызметкерлері Алматыда НКВД подвалында атылған азаматтардың қайда жерленгенін анықтауға көмектесті, тіпті үкімді орындаған жендеттердің бірін тауып, «әділетшілердің» онымен кездесуін мүмкін етті; «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы көтерген «Азалы кітап» тізбегін шығару идеясын қолдап, атылғандардың толық тізімі мен деректерін табуға жәрдемдесті. Бұларға қоса, жаппай қуғын-сүргін жылдары күллі Қазақстан бойынша түрлі мерзімге сотталғандардың аты-жөндері мен өмірбаяндық деректері жазылған көп томдық іс-қағаздарды ресми де салтанатты түрде «Әділетке» табыс етті…Жарты ғасырдан астам құпия болып келген «Жаңалық» ауылы маңындағы қорым табылғаннан кейін, «Әділеттің» өтініші нәтижесінде, ҚР Президенті Алматы облысының басшылығына саяси қуғын-сүргін құрбандары жатқан орынға мемориалды ескерткіш орнату жөнінде тапсырма берді… Бүгінде «Әділет» Алматы облысы әкімдігінің көмегіне сүйеніп, «Жаңалық» ескерткіші тұрғызылған аумақты мемориалдық кешенге айналдыру ісімен шұғылдануда. Жаңалықта жерленген 4 мыңнан астам атылғандардың деректері бар «Азалы кітап: Жаңалық зираты» кітабының қолжазбасы баспаханаға тапсырылды. Ескерткіш жанына құрбандар тізімі қашалып жазылатын естелік қабырға орнату жобасы жасалды. Болашақта мұнда саябақ, мұражай, кіші архитектуралық мүсін-ескерткіштер орын тебеді…

Мағжан Жұмабаев халқымыздың өзге де ардақты ұлдарымен (мемлекет және қоғам қайраткерлерімен, ақын-жазушыларымен, өнерпаздарымен) бірге осында жатыр. 1938 жылғы 19 наурызда атылған…

Ол алғаш рет 1929 жылы қамалып, 1931 жылы он жылға кесілген-ді. Сталиндік лагерьден 1936 жылғы жазда босап, Петропавлға барады. Сонда қысқа мерзімдік курста дайындықтан өтеді де, мектеп мұғалімі қызметіне орналасады. Одан Сәбит Мұқановтың шақыруымен Алматыға келеді. Бірақ «халық жауын» іздеу науқаны басталып кеткен астанада күйі болмайды. 1937 жылдың соңына қарай қайтадан тұтқындалады.

Абақтыда толтырылған тұтқын анкетасы мәліметтеріне қарағанда, Мағжан сол кезде Алматының Лесная көшесіндегі 89-шы үйде тұрған. Әлеуметтік жағдайын «мал бағушы орташа шаруалардан» деп, өз қызметі жайындағы сұраққа: «белгілі-бір жұмысы жоқ», мамандығы жөнінде: «жазушы және медфельдшер» деп жауап берген. Үй мүліктерінен басқа ештеңесі жоқ екенін, 1917 жылға дейін оқуда болғанын, әке-шешесінің табысымен күн көргенін айтыпты. Білімі жоғары, 1925 жылы Мәскеудегі әдеби-көркем институтты бітірген. Саяси жолы жайында: «1917 жылдан 1923 жылға дейін «Алаш» партиясында болдым» деген. Істі болған: «1929 жылы ОГПУ Алқасы Қылмыстық кодекстің 58-ші бабының 10–11 тармақтары бойынша 10 жылға кесті».

Алғашқы қамалғанында сот үкімінің шығуы бір жарым жылдай күттірген болса, бұл жолы, ұсталғанына бір жарым айға жетер-жетпесте – (ыңғайы, оның ісін қайта қарауды 1960 жылы қолға алған Түркістан әскери округінің құзырлы орнына жіберілген) «өте құпия анықтамаға» қарағанда – «Солтүстік Қазақстан облысы, Бейнетқор ауданында 1893 жылы туған» ақынды 1938 жылғы 11 ақпанда НКВД және КСРО Прокурорының Комиссиясы соттап үлгерді (хаттама № 377). Үкімді орындау туралы актіден жасалған көшірмеде: «КСРО Ішкі істер халық комиссариатының 1938 жылғы 11 ақпандағы, хаттама № 377, Жұмабаев Мағжан Бекенұлын ату жайындағы шешімі жүзеге асырылды. 19 наурыз 1938 ж.» деп көрсетілген.

«Әділет» – халықаралық «Мемориал» қоғамының ұжымдық мүшелері өзекті мәселелерді бірге талқылап, өзара мәліметтер алмасып тұрады. «Мемориалдың» деректер базасында Мағжан туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті берген екі анықтамалық мәлімет бар. Бірінде оны «ҚазКСР НКВД-сы (Ішкі істер халық комиссариаты) 1937 жылғы 29 қарашада», екіншісінде ҚКСР ІІХК Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының 3-ші бөлімі 1937 жылғы 27 желтоқсанда» тұтқындаған деп көрсеткен. Екеуінде де НКВД және КСРО Прокурорының Комиссиясы оны РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-6, 58-11 баптарымен айыптап, 1938 жылғы 11 ақпанда үкім шығарғаны, ату жазасына кесілгені айтылған. Алғашқы мәліметте «қылмыс құрамы болмағандықтан, ҚазКСР Жоғарғы соты 1988 жылғы 4 қарашада», екіншісінде – «қылмыс оқиғасы жоқ болғандықтан, Түркістан Әскери округінің Әскери трибуналы 1960 жылғы 8 шілдеде» ақтаған деп жазылған.

Бұдан шығатын қорытынды – Мағжанды 40-шы–50-ші жылдары Қиыр Шығыстың әр қиырынан көрдік деген (биыл «Жас Алаш» бетінде көтерілген, ертеректе Бауыржан Момышұлы айтқан) әңгімелердің бәрі шындыққа жанаспайды. Бұл мұндай мәліметтерді айтушылардың ақ ниетіне шүбә келтіру емес, оларды ешқандай да кінәламаймыз.

(Біз саяси репрессияларға ұшыраған жүз жиырма мыңнан астам адамның бір ширегі атылғанын тәуелсіздік жылдары ғана білдік, ал кеңестік заманда олар ату жазасына кесілді деген хабар айтылмайтын. 1938 жылғы ерте көктемде 19 қайраткердің атылғаны жайында ғана жалғыз ресми мәлімде жасалған болатын. Талайлар түрмеге тұтқын атылып кеткеннен кейін де киім-кешек, ас-су апарып жүрген, олардың сәлем-саухаттарын түрме әкімшілігі алғашқы кезде қабылдай берген, қабылдауды кейінірек, «пәленше хат жазысу құқынан айрылып, басқа жаққа жіберілді» деген желеумен ғана доғарған).

Саяси қуғын-сүргін мәселесімен көптен шұғылданып жүрген белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің пайымына қарағанда, репрессияға ұшырап, жазасын өтеп жүргендердің арасында, жазықсыз жапа шегу ашындырғандықтан шығар, бейтаныс адамдарға өздерін «Мағжанмын», сондай-ақ «Сәкенмін» деп таныстырғандар кездескен. Олар бертінге дейін тірі болған екен делінетін түрлі қисынсыз дақпырттың сондайдан тарағаны сөзсіз…

Қазақ қайраткерлерінің бірқатары Мәскеуде атылғаны мәлім. Бүгінде Мәскеу түрмелерінде құрбан болғандардың беті жабылған бес қорым анықталып, ресми мұрағаттық құжаттармен расталған. 1926–1935 жылдары Мәскеуде атылғандар (олардың қатарында – 1930 жылғы 21 сәуірде құрбандыққа шалынған Жүсіпбек Аймауытов, Дінмұхамед Әділов, Әбдірахман Байділдин, Ахметсафа Юсупов бар) Ваганьково зиратына жерленген. Астана түрмелерінде 1934 жылдан 50-ші жылдарға дейін атылғандар Мәскеу (Дон) крематорийінде өртелген. «Мемориал» кремацияланған құрбандардың күлі крематорийдің жанындағы зиратқа жерленген болуы мүмкін деп есептейді, бірақ бұл жорамалға әзірге құжаттық айғақ табыла қойған жоқ. 1936–1937 жылдары Мәскеу түбіндегі екі арнайы аумақта жаппай ату және жерлеу жұмыстары жүргізілген: Бірі – Бутово поселкесі (Бутово полигонында 25–26 мың атылған жан тыншулы), екіншісі – бұрынғы НКВД-нің қосалқы шаруашылығы болған «Коммунарка» кеңшары (мұнда жатқандардың саны – 10–14 мың).

1994 жылы Ваганьково зиратындағы қорымға, 1991, 1994 жылдары Мәскеу (Дон) крематорийінің зиратындағы құрбандар жаппай жерленген бейіттерге, 1993 жылы Бутово қорымы аумағына естелік белгілер қойылған. Бутовода, сондай-ақ, естелік айқыш (крест) тұрғызылып, шіркеу салынған. Ал «Коммунарка» «зонасына» кірер қақпаның жанына 1999 жылы мемориалды тақта орнатылды. Кеңшар аумағындағы «наркомның дачасы» деп аталатын арнайы объект көпке дейін қауіпсіздік қызметінің қарамағында, тиісінше, көпшілік үшін жабық болып келді.

«Мемориал» ғылыми-зерттеу және ағарту орталығы мұрағатында мынандай анықтама бар: «Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 14.12.1894 Алматы (Жамбыл) облысында туған; қазақ; білімі жоғары; 09.1917 жылдан ББ(б)П мүшесі, РСФСР Халкомкеңесі төрағасының орынбасары. Мәскеуде тұрған. 1937 жылғы 21 мамырда тұтқындалған. 1938 жылғы 8 ақпанда КСРО ЖС ӘК (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы сотының Әскери алқасы – Б.Қ.) соттаған. Үкім: ВМН (высшая мера наказания – жазаның жоғарғы шарасы – Б.Қ.). 1938 жылғы 10 ақпанда атылды. Жерленген орны – Мәскеу, «Коммунаркаға» жерленген. 1956 жылғы 8 желтоқсанда КСРО ЖС ӘК ақтаған».

Осы дерекке орай, «Әділет» қоғамынан 1995 жылы «Коммунаркаға» репрессия құрбандарының ұрпақтары Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова мен Сәуле Рахымқызы Айтмамбетова (Сүгірова) да барған еді, бірақ бұл арнайы объект ол уақытта көпшілік үшін жабық болғандықтан, кіре алмай, жанындағы Бутовода саяси қуғын-сүргін құрбандарына қойылған ескерткішке тағзым етіп оралумен шектелген болатын. «Коммунаркадағы» «ату полигонының» аумағы тек 1999 жылғы көктемде ғана орыс православие шіркеуінің қарамағына берілді. Қаза тапқандардың ұрпақтары ол жерге содан кейін ғана тұңғыш рет аяқ баса алды.

Сол «Коммунаркаға» кинорежиссер Еркін Рақышев секілді арнайы рұқсат алып барғандар ұзын бір қабатты үйді – бұрынғы нарком Ягоданың дачасын көреді. Кейбір деректерге қарағанда, бұл оның құпия қызмет басшыларымен мәжілістер өткізетін қала сыртындағы резиденциясы болған. Ал ол қамалғаннан кейін, оның ізбасары Ежовтың тұсында (жаңа наркомның жұмыс дәптерінде Сталиннің нұсқау: «Ягоданың дачасы – чекистерге» деп қысқаша тұжырымдаған жазба сақталған), ғимарат чекистердің «үлкен террор» кезіндегі міндеттерін атқаруына қызмет етіпті: адамдарды атар алдында, орман ішінен ор қазылып болғанға дейін, осында қамай тұрған болса керек…

Бутово полигонына әкелінгендер, әуелі, санитарлық өңдеуден өткізу желеуімен, баракқа қамалған. Оларға атар алдында үкім хабарланған, анкеталық деректері мен фотосуретін салыстырып тексерген. Сосын әрбір жендет құрбандығын барактан жеке-жеке алып шығатын да, ордың жиегіне айдап апаратын. Одан желкесінен атып, өлікті траншеяға құлататын.

Бұрынғы Батыс Алаш-Орда төрағасы Жаһаншаһ Досмұхамедов осындай жағдайда опат болды. Бутово полигонының ату тізімінде ол жайында мынандай анықтама берілген: «Дос-Мухамедов Джаганша. 1887 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданы, № 3 ауылда туған; қазақ; білімі жоғары юристік; партияда жоқ; зейнеткер, бұрынғы Бүкілроссиялық мұсылман комитеті төрағасының орынбасары, революцияға дейін – Том округтік соты прокурорының жолдасы (орынбасары – Б.Қ.). Тұрған жері: Москва, Хавско-Шаболовский шолақ көшесі, 11-ші үй, 265-ші пәтер. 1938 жылғы 1 маусымда тұтқындалған. 1938 жылғы 16 шілдеде НКВД-нің Москва облысы басқармасы жанындағы үштік соттаған, қазақ контрреволюциялық ұлтшыл ұйымның лидерлерінің бірі және «халық жауларымен» тығыз байланыста болғандығы үшін айыпталды. 1938 жылғы 3 тамызда атылған. Жерленген орны – Москва облысы, Бутово. 1957 жылғы 2 желтоқсанда ақталды».

1937 жылғы 27 қыркүйекте оққа ұшқан Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақов Мәскеудің Дон зиратында жатыр. Ал 1937 жылғы 9 қарашада ату жазасына кесілген Нәзір Төреқұлов пен атуға 1938 жылғы 8 ақпанда үкім шыққан Сұлтанбек Қожановтың аты-жөндерін жоғарыда аталған зираттардың осы уақытқа дейін анықталған атылғандар тізімінен кезіктіре алмадық. Егер Еркін Рақышев өзінің деректі киносын түсіру барысында олардың да «Коммунаркада» жатқанын дәлелдесе, тек ризашылығымызды білдіреміз.

Ішкі істер халкоматының Мәскеу облысы бойынша басқармасын 1934 жылдан 1938 жылдың 20 қаңтарына дейін басқарып, құрбандықтар «атып өлтірілсін» деген бұйрыққа қол қойып отырған 1-ші рангілі мемқауіпсіздік комиссары С.Ф.Реденс Қазақстанға Ішкі істер халкомы болып келісімен, жазалау машинасы жұмысқа айрықша екпінмен кірісті. Айналдырған екі-үш айдың ішінде қазақ елі қоғамының күллі қаймағы сыпырып алынды…

Алматыда да, Мәскеуде де қазақ азаматтарына «конттрреволюциялық ұйым мүшелері, жапон-неміс барлауының агенттері», «Қазақстанды кеңестік Ресейден бөліп әкетіп, жапонның протектораты етуге тырысқан» деген сықылды қисынсыз айыптар тағылғаны белгілі. Дөрекі тергеу амалдарын қолдану арқылы олардың «қылмыстарын» «мойындауға» мәжбүр еткені де мәлім. Бірақ репрессияланғандардың істері күні бүгінге дейін зерттеушілер үшін жабық болғандықтан, абсурдты айып қалайша бәрін бірдей бір тұзаққа түсіргенін байыппен сараптау мүмкін болмай тұр. Большевизм төңкеріс жасап өкімет басына келгенде, оның билікті ұзақ уақыт ұстап қаларына ешбір саяси ұйым сенбеген еді. Сол ретте қазақ қайраткерлері де, совет үкіметі толық мойындалмай тұрған шақта, дамудың өзге де балама мүмкіндіктерін қарастырды. Мәселен Шығыстан Әлихан Бөкейханов, Батыстан Уәлитхан Танашев Омбыға барып, Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізді, сол кезде олардың Омбы мен Новосібірдегі жапон консулдығына да кіруі ықтимал. Семей облысынан Райымжан Мәрсековтің Қытайға кеткені, Түркістан өлкесінен Серәлі Лапиннің Германияға барып қайтқаны, ал Мұстафа Шоқаевтың батыстағы белсенді эмигранттық ғұмыры соғысқа дейін созылғаны белгілі. Кеңес өкіметі бір топ түркістандық жасты Германияға оқуға жіберді, олардың соңынан Тұрар Рысқұлов барып қайтты…

Әйгілі саяси айыптарды «дәйектеуде» кеңестік құпия полиция назарынан осы деректер қалт қалмаса керек, мұны олар қалай және қайтіп бұрмалап пайдаланды? Жалпы, өткен ғасырдың алғашқы ширегіндегі тарихи шындық қандай еді? Сол заман ақиқатын қазақ қайраткерлерінің «қылмыстық істерімен» мұқият танысу арқылы толық және жан-жақты ашуға боларына күмән жоқ…Біздің ұғымымыз бойынша, саяси репрессиялар құрбандарын ақтау дегеніміз – заңсыз жолмен қылмыстық жауапкершілікке тартылған, бас бостандығынан айырылған, өлім жазасына кесілген жазықсыз жандардың жоғалтқан құқтарын қайтару, оларға жасалған құқықтық шектеулерді жою, олардың кінәсіз екенін ашық мойындау және мемлекет тарапынан кешірім сұрау. Күллі қиянатқа тұнған солақайлықтарды жасаған кеңес өкіметі бүгінде тарих сахнасынан кеткендіктен, тәуелсіз мемлекетіміздің өткенді байыппен талдау жасауға мүмкіндік туғызғаны жөн. Алайда саяси репрессияның алғашқы толқыны көтерілгелі сексен жылдан асып кетсе де, кеңестік билік кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған жеке тұлғалардың «қылмыстық істерін» сараптап, тарихи мәнмәтін ауқымында зерттеу мүмкіндігіне тәуелсіздік ғалымдарының қолы әлі күнге жетер емес.

Демократия лебімен есігін айқара аша бастаған мұрағаттарды өткен ғасырдың 90-шы жылдарында біздің билік іс жүзінде жабық жағдайға түсіріп, тергеу материалдарымен танысуға заңмен тыйым салған еді, соны қайта қарайтын мезгіл жетті. Еліміздің жоғарғы басшылығы, парламенті, үкіметі тарих үшін маңызды осы мәселеге сергектік көрсетіп, дұрыс шешуге уақыт табар деп сенеміз.

Ult.kz дереккөздеріне сүйене отырып, атылып кеткен алаш азаматтары жайлы сөз қозғайық.

Өткен ғасырдың басында қызыл империяның қанды қылышы мен зұлмат пиғылы ешкімді  аяған жоқ. Ашық айтылып жүрген тарихи деректерге сүйенсек, 1920-1950 жылдары Кеңестер Одағы бойынша 4 миллонға жуық адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Тек қазақ даласына ғана 1,5 миллоннан астам өзге ұлт өкілдері жер аударылған. Олардың 600 мыңнан астамы атылды немесе жазаның басқа түрі қолданылды.

Әсіресе, 1937-1938 жылдары «шаш ал десе, бас алған» қызыл империяның жендеттері қазақ халқының оқыған көзі ашық азаматтарын қынадай қырып жіберді. Тек осы екі жылдың ішінде қазақтан 25 мыңнан астам адам жазаланып, атылып кетті. Күні бүгінге дейін сол құрбандардың көбісінің есімдері де белгісіз. Ал қуғынға ұшыраған оқыған көзі ашық азаматтардың бірден көзін жоюға асықты. Осыдан 80 жыл бұрын болған қырғын құрбандарын ақтау және жыл сайын еске алу күні ретінде бүгінгі 31-мамыр белгіленген болатын. Елбасы Н.Назарбаевтың осы күнді белгілеу туралы Жарлығының шыққанына да биыл 20 жыл толып отыр. Әрине, зұлмат жылдары зұлымдықтың құрбаны болған азаматтар жайлы көптеген естеліктер жазылып, олардың айтқан сөздері мен болашақ ұрпаққа арыз-армандары бүгінде естелік ретінде шығып жатыр. Солардың бірі белгілі журналист Берік Уәлидің «Алаш айтқан асыл сөз» жинағы. Осы кітаптағы тарихи деректерге сүйене отырып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының біренешеуінің есімін тағы бір жаңғыртып қоюды жөн көрдік. Ұлт үшін құрбан болған азаматтардың есімдері ел есінде жүрсін, жадымызда жаңғырып тұрсын!

Әлихан Бөкейхан  (1866 жылдың наурызы – 1937 жылдың  27 қыркүйегі)

Қарағанды  облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 

1879-1886 жылдары  Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте  оқыды.

1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде  білім алды.

1890-1894 Санкт-Петербургтегі  Орман технологиялық  институтының  экономика факультетінде  оқуын жалғастырды.

1906 – «Голос степи», «Омич», «Иртыш» газетінде,

1908- «Товарищ», «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.

1909-1917 – Дон егіншілік банкі бөлімшесінде  жұмыс істеді.

1917 – «Алаш» партиясының негізін қалап, төрағасы болды.

1917 – 25 орыннан тұратын «Алашорда» Үкіметі құрылды, басшысы – Әлихан Бөкейхан.

1937 – КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілді.

1989 – КСРО Жоғарғы сотының қаулысы  бойынша ақталды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 – 1931)

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келді.

5 жасынан бастап хат таныған, Абай Құнанбайұлының немере-ағасы.

1898-1899 – мұсылмандық парызын өтеу үшін, қажылыққа барады.

1917 – Алаш қозғалысының бел ортасында жүрді.

1919-1937 – «Таң» , «Қазақ тілі» басылымдарына мақала жазады.

1930 – Ғафур Семей түрмесінде  үлкен ұлы қорлықпен қаза табады

1931 – ізіне түскен жендеттермен шайқаста оққа ұшты

1961 – құдыққа тасталған сүйегі алынып, мұсылман ғұрпымен Абай зиратының қасына  жерленді

Ахмет Байтұрсынұлы (1872 – 1938)

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек  ауылында дүниеге келді.

1882-1884 –  өз үйіінде  алғаш хат танып, ауыл мектептерінен білім алады.

1886-1891 – Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша  училищеде  білім алады

1891-1895 – Орынбордағы мұғалімдік мектепте білім алады

1895 жылдың  1 маусымы – Ақтөбе, Қостнай, Қарқаралы атырабында бала оқытады

1913-1918 жылдары жалпыұлттық «Қазақ» газетінің Бас редакторы.

1917 – «Алаш»  партиясы мен Алашорда үкіметінің  белді мүшелерінің бірі

1919-  Кеңес үкіметінің сапына өтіп, Қазақ өлкесін басқару  жөніндегі әскери төңкерістік комитеттің мүшесі

1937 – Репрессияға ұшырады

1938 – Ату жазасына кесілді

Ғұмар  Қарашұлы (1875 – 1921)

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келген.

1902-1910 –  Ауылы Тіленшісайда жәдитше бала оқытады.

1907 – татар және қазақ тілінде мерзімді басылымдарға  мақала жариялай бастайды.

1911-1913 – «Қазақстан» газетін шығарусыға, саяси-мәдени әлеуетін көтеруге атсалысты.

1917-1919 – «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің белді мүшесі.

1921 – Құнаншашпақ деген жерде қашқын әскерилер қолынан қаза тапты

Мұхаметжан Тынышбай   (1879 – 1937)

Алматы облысы, Қабанбай ауылында дүниеге келді.

1900 – Верный ерлер гимназиясында  оқып, үздік бітірді.

1900-1906 – Санкт-петербургтегі  I Александр атындағы жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтта білім алады.

1905-1907 – Ресей империясының  қоғамдық саяси өміріне белсене араласады.

1907 – Ресей II-ші Мемлекеттік Думасына Жетісу облысынан депутат   болып сайланды.

1917 – Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесіосы үкіметтің Жетісу облысындағы комиссары болып тағайындалды

1919 – Бүкілодақтық Атқару комитеті бұрынғы алашордалықтарға  кешірім жарияланғаннан кейін, ол әртүрлі  салада еңбек етеді.

1930 –  Тұтқындалып, Воронежге жер аударылды.

1937 – Ташкент түрмесінде «Халық жауы» деген желеумен ату жазасына кесілді

Халел Досмұхамедұлы (1883 – 1939)

Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келді.

1894 – Орал әскери-реалдық училищесіне түсті

1912 – Орал әскери-реалдық училищесін тәмамдады

1903 – Санкт-Петербор императорлық әскери – медицина академиясына түсті

1909 – Әскери медицина академиясын үздік бітірді

1917 – Алашорда үкіметінің Ұлт кеңесі  құрамына сайланды.

1920 – Түркістан республикасы халық ағарту комисариаты жанынан  Түркістан халықатарының  оқу-ағарту, мәдени һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды.

1924 – Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болды

1930 – тұтқындалды

1932 – ОГПУ үштігінің шешімімен Воронежге  5 жылға жер аударылды

1939 – әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді

Міржақып Дулатұлы (1885 -1935)

Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келді.

1897 – Торғайдағы екі сыныптық орыс-қырғыз школына қабылданды

1902-1904 – Торғай уезінде мұғалімдік қызмет атқарды

1909 – «Оян қазақ!» кітабы шықты

1917-1919 – «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің белді мүшесі

1921 – Қазақ мемлекеттік баспасының бөлімін басқарды

1922-1926 – Орынборда Қазақ халық ағарту  институтында ұстаз болды

1928 – Тұтқындалды

1930 – Ақтеңіз-Балтық каналының  жұмысына жер аударылды

1935 – Сосновец жерінде дүние салды

Жанша Досмұхамедұлы (1886-1938)

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келді

1899-1905 – Орал әскери реалдық училищесінде  оқыды

1906 – Орал облысының  стипендиаты ретінде  Мәскеу университетінің  факультетіне түсті

1917 – Томск сот округі прокурорының   орынбасары болып қызмет етті.

1917 – «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды

1930 – Тұтқындалды

1932 – Воронежге  5 жыл мерзімге жер аударылды.

1938 – қайта ұсталып, ату жазасына кесілді

Жүсіпбек Аймауытұлы (1890-1930)

Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.

1911 – Керекудегі екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде білім алды

1914 – Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсті

1919 –  Семинарияны бітірді

1917-1919 – Алаш партиясына кіріп, Алашорда үкіметінің құрылуына қатысты

1921 – Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды

1924-26 – «Ақ жол» газетінде  бөлім бастығы  міндетін атқарды  1926 – Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі  директоры

1930 – Мәскеудегі Бутырька түрмесінде ату жазасына кесілді

Мұстафа Шоқай (1890-1941)

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келді.

1902-1910 – Ташкент гимназиясында  оқып, алтын медальға бітірді.

1914 – Петрогард университетін үздік бітірді

1914 – Әлихан Бөкейхан IV Мемлекеттік думасының мұсылман фракциясының хатшысы ретінде ұсындды

1918 – Түркістан Ұлттық кеңесінің тұрақты атқарушы комитетінің төрағасы болып сайланды

1941 – Берлин ауруханасында  жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Елдес Омарұлы (1892-1937)

Қостанай облысы Таран ауданында дүниеге келді.

1907 – Қостанайдағы  2 сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыды

1911 – Орынбордағы  орыс-қазақ мектебін бітірді

1920-122 – Орынборда халық ағарту комиссариматында  инструктор, кеңестік партия мектебінде оқытушы болды

1926 -1929 –  Саяси қуғынға ұшырап,  Ташкентте педагогикалық институтта, Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетінде  оқытушы болды

1929 – Тұтқындалды

1930 – ату жазасына келісіп, 10 жылға архангельскіге жер аударылды.

1937 – Кеңес үкіметі ату жазасына кесті

Мағжан Жұмабай (1893-1938)

Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданында дүниеге келді.

1905-1910 – Қызылжардағы медреседе оқыды

1910 – «Медресе-Ғалияда», Омбыдағы Мұғалімдер семинариясында білім алды.

1912 – Қазан қаласында (Шолпан» атты тұңғыш жинағы басылды.

1917 – «Алаш» партиясы мен алашорда үкіметін құруға белсене қатысты. «Бостандық туы» газетінде жұмыс істеді.

«Шолпан», «Сана» журналы мен «Ақжол» газетінде жұмыс істеді.

1929 – «Алқа» жасырын ұйымын құрды деген айыптаулармен  10 жылға сотталды.

1936 – М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алды

1937 – Қамауға алынды

1938 – Ату жазасына кесілді

Сұлтанбек Қожанұлы (1894-1937)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келді

1913-1917 жылдары Ташкенттегі Түркістан мұғалімдер  семинариясында оқыды

1920 – Коммунистік партия қатарына қабылданды

1920-1924 – Түркістан компанртиясы  ОК мүшесі, Түркістан орталық атқару комитетінің орынбасары, Түркістан республикасының ішкі істер халық комисары, «Ақжол» газетінің редакторы

1924-1925 – қазақ өлкелік партия комитетінің хатшысы

1925 -1926 – БК(б) П ОК ұлт республикалары мен облыстары  бойынша жауапты нұсқаушы

1937 – Ұсталды

1938 – Ату жазасына кесілді

Қошке Кемеңгерұлы (1896-1937)

Ақмола облысы, Теке болысы, Қаржас ауылында дүниеге келді.

1913 – Омбы ауылшаруашылығы училищесіне түсті

1914-1918 – Қазақ жастарының  тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы «Бірлікке» мүше болды.

1916-1918 – «Балапан» қолжазба  журналының редакторы.

1918- «Жас азамат»  газетінің редакторы  сынды әртүрлі қызмет атқарды.

1930 – ОАМУ-дің аспирантурасында  оқып жүрген жерінен, М.Әуезовпен бірге тұтқындалып,  Алматы абақтысында екі жыл отырды.

1935 – Омбының Шарбақкөл аудандық ауруханасында дәрігер болады.

1937 – Қайта ұсталып,  Омбы қаласында ату жазасына кесілді.

Телжан Шонаұлы (1894-1938)

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген.

1908-1912 жылдары Ырғыздағы орыс-қырғыз училищесінде,

1912-1916 жылдары Орынбордағы Мұғалімдер институтында оқыған.

1917 жылы І және ІІ жалпықазақ съезіне қатысқан.

1926-1929 жылдары Қызылордада Халық ағарту комиссариатында жауапты қызметкер;

1934 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік университетінде доцент болған.

1937 жылы ұсталып, 1938 жылы ату жазасына кесілген.

Сонымен қорытындылай келе, abai.kz дереккөздеріне сүйене отырып репрессия құрбандарын қалай еске алатынымыз жайлы сөз қозғайық.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ел болып еске алатын 31 мамыр біздің еліміздегі қастерлі күндер қатарына кіргелі, міне, жиырма жыл болып қалды. Дәлірек айтқанда, 31 мамыр айрықша мәртебеге ширек ғасырдан бері ие. Алғаш рет бұл күн еліміз мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген бетте, 1992 жылы, ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген болатын. Содан соң ауқымы кеңейтілді.

1997 жылдан бастап әр мамырдың соңғы күнінде 30-шы жылдарғы ашаршылық пен репрессия құрбандарын бірге еске алып келеміз. Бұл оң өзгерістер совет өкіметінің тынысы тарылып, қайта құру саясатын жария еткен шағынан бастау алған болатын. Қайта құру саясаты біз білмейтін демократияның хабаршысы еді. Ол біз көзімізді ашқалы көрген тоталитарлық мемлекетте сана азаттығына бастайтын революциялық ахуал орнатқан. Сондағы революциялық ахуалды билеуші партия жасады. Билеуші партияның қажеттілікті түйсінгендік яки мәжбүрлік жетегімен, еріксіз де ерікті күйде қолға алған ашықтық және жариялылық саясаты жасады. Ашықтық пен жариялылық – жаңа саясат көкке көтерген негізгі ұрандар еді. Бұлар орасан зор елде ұзақ жылдар бойы коммунистік билік қалыптастырған стандарт өлшемдеріне оғаш көрінген, сөйтсе де, сол шақта буалдыр аңсар боп, көптің көкейін тескен ұрандар болатын. Жасампаз ұрандар еді. Сол ұрандар рухани шектеу қалыпты жағдайға айналған советтік империяда «алтын күрекше» екпіндей есіп, еркін ойды тұншықтырған қасаң тоталитаризмнің сірескен мұзын тез еріте бастаған. Тегеуірінді жаңа леп күллі империя аумағында, әсіресе, отар елдерде айрықша сезілді. Жер-жерде сананың оянуы өріс алды.

Алайда кеңес билігінің өзі, соншама жылылығы бар қайта құру саясатын жариялаған кеңестік өкіметтің өзі, шынтуайтында, пролетариат диктатурасы қалыптастырған көне тәртіптің отарларда өзгеріссіз сақталуына мүдделі боп шықты. Біздің елде өзіндік ойы барлар көшеге шыққанда, саяси реакция қаһарына мінді. Сол реакция Сексен алтының Желтоқсанында қазақ жастарының демократиялық қозғалысын қаскөйлікпен арандатып, ұлт азаттығын көксеген саяси көтеріліске ұластырды. Сөйтті де оны қанға бөктіріп, басты. Оған жаппай үрей шашқан «Кіші 37-ші жыл» ызғарын сабақтастырды. Алайда, бәрібір, жеңімпаз қайта құрудың «алтын күрегіне» төпеп бере алмады. Өзгеріс дәуірінің туғаны біздің елде де мойындалды, өйткені кеңес империясының орталығынан дүр етіп көтерілген жариялылық пен қайта құру ұрандары селдей тасып, шартарапқа жайылған. Сол сел екпіні біздің республикамызда күш көрсетіп жатқан жаңа саяси репрессияның қанатын жайғызбады, шапшаң қайырды. Сонымен, не керек, біз жаңа саясатпен, ашықтық, жариялылық, қайта құру саясатымен ықыластана қаруландық. Тездетіп, сталинизм жылдары тарих қоқысына тасталған қаралы тарихымызды жаңғыртуға ұмтылдық. Бұрын оңашада сыбырлап қана сөз ететін ашаршылық тақырыбын көтердік. Қара таңба тағылып, санадан өшірілгендей болған асыл тұлғаларымызды тірілтуге асықтық. Сол асығулы алғашқы топ қатарына тағдыр мені де қосқан болатын.

Бұл топ саяси қуғын-сүргінге ұшыраған кеңестік ұлт қайраткерлерінің адал есімдерін қоғам өміріне қайтарумен шұғылданды. Сол шақта мен де бірқатар аяулы халық ұлдары және «ауытқушы-коммунистер» Смағұл Садуақасов пен Сұлтанбек Қожанов жайында қалам тербедім. 1988 жылдың соңына қарай Алаш азаматтары да ақталды. Сонда Алашорда көсемдерімен қатар, Смағұлдың құрдасы, үзеңгілесі, Сұлтанбектің белгілі дәрежеде әріптесі, інісі болған Дінше Әділовтің өмірі де менің назарымды аударды. Көптеген зерттеу мақала жаздым, 2000 жылы «Ұлт театры шаңырағын көтеруші» атты кітап та шығардым. Репрессияға ұшыраған зиялылар мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының ұйымдастыруымен, Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры ғимаратында сол өнер ордасының түтінін тұңғыш түтеткен мәдениет қайраткерінің туғанына жүз жыл толуына және кітапты жұртшылыққа таныстыруға арналған кеш өткіздік. Бертінде де Дінше жайында түрлі жағдайға орай  жазып келем. Жақында Алаш қозғалысы тарихымен тиянақты шұғылданып жүрген белгілі тарихшы-ғалым Мәмбет Қойгелдиев маған даңқты батырымыз Бауыржан Момышұлының жазушы Мамытбек Қалдыбайға Дінше туралы айтқан естелігін оқып, өзіне ғаламат жаңалық ашқанын айтты.

Баукең тұтқын Діншені он жеті жасар бозбала шағында көріпті. 1928 жылғы желтоқсанда Шымкенттен Шу бойына Әділовтерді тұтқындау үшін аттанған ГПУ-дің қарулы жасағы басшысының тілмашы болған екен.  Баукеңнің айтуынша, қысқы құм ішінде айдалып келе жатып, Дінше ән шырқайды. «Даусы ғажап екен, – депті Баукең сол сәтті еске алғанында. – …Бір кезде Мұқыш (Діншені айтады – Б.Қ.) «Елім-айды» көңілі босап, қайғыра шырқады. Оған Жорабек (дұрысы: Ағабек – Б.Қ.) қосылып еді, құм іші күңіреніп кетті. Маған айнала төңірек солығын баса алмай егіле жылап, күрсіне өксіп жатқандай сезілді». Олардың бұлайша күйзеле ән салуын айдауыл қатарындағы жас Бауыржан ұға қоймайды: «Бұлары несі? …Бәрінен ағасы Байсейітті өлтіріп, түйеге артып келе жатқанымызды көре, біле тұрып, Мұқыштың ән шырқағаны несі? – деп іштей жол бойы таңырқаумен болдым. Онда мен Мұқыштың да,  Жорабектің де қайғы күйігін әнмен басқысы келгенін түсінбеппін». Бұл – сарбаз, сардар, ардагер, жазушы Бәукеңнің совет дәуіріндегі сөзі. Шындық тұмшаланған ол шақта ГПУ-ге тұтқынға түскен бұл жігіттер жайында көп жәйт беймәлім болатын. Сол себепті тұтқындалған азаматтардың арба үстінде байлаулы келе жатып, қысты күнгі құм далада қайғылы әндер, дәлірек айтқанда гимн іспетті «Елім-ай» мен «Қаракесекті» шырқауының терең себептерін анық пайымдай алмауы да ықтимал. Бірақ тамырын дөп басқаны анық: олар бастарына түскен қайғы күйігін елдік мұңмен суарылған әндер айтумен басуға тырысқан. Ал қазақ ұлт-азаттық қозғалысының тәуелсіздік дәуірдегі зерттеушісі Мәкең: «Зәки Валидовтың сонау Түркияда жазған естелігінде Діншені ақын және әртіс деп атағаны есіңізде шығар, – дейді маған, – сонысы Баукеңнің айтқанына дөп келіп тұр. Баукеңнің естелігі арқасында менің Алаш қайраткерлері тағдырындағы түсіне алмай, таппай жүргенімнің кілті айқындалғандай болды». Ол алаштықтар тағдырына байланысты өзіне керемет жаңалық ашты және бұл мәселеге өзінің жазып жүрген жаңа кітабында арнайы тоқталмақ. Ғалымның бұл сөздерін мен қанағаттана қабыл алдым, оның жаңа еңбегінде, сөз жоқ, Діншенің азаматтық келбетін жаңаша пайымдайтын  маңызды тұжырымдар болады…

Ал осы уақытқа дейін өзімнің көзімнің жеткені – жиырмасыншы жүзжылдықтың алғашқы ширегінің соңы Қазақ республикасының да, мен өмірі мен қызметін арнайы қарастырып жүрген құрдас жігіттердің де тағдырындағы елеулі оқиғалармен ерекшеленді. Ең алдымен, ғасыр құрдастары, жиырма жасар жас жігіттер Смағұл Садуақасов пен Дінмұхамед Әділов Кеңестік Қазақ автономиясы жоғарғы өкіметінің алғашқы құрамына еніп, жастық жалынмен еңбек еткенін атап айту ләзім. Сол шақта олардың қызметтері барысында биікке самғау да, құзға құлдырап құлау да орын алды. Баршаға мәлім, Қазақ Республикасы большевиктердің қазақ халқына Ресей Федерациясы ішінен тігіп берген отауы болатын. Отау өз шаңырағы астына республика аумағынан тыс жатқан оңтүстіктегі байырғы ата қоныстарды халқымен жинастырып, біріктіруін 1925 жылы жаңа астанасында рәсімдеді. Жиырма бес жасар Ағарту халық комиссары Смағұлдың қолдауымен, ол басқаратын халкоматтың жиырма бес жасар қызметкері Дінше республикадағы тұңғыш ұлттық үлкен өнер ордасының іргесін қалады. Директор лауазымымен дүрілдетіп, шартараптан шақырылған көркемөнерпаздардан бір театрлық маусымда ұлттық кәсіби өнер ордасын жасақтады. Діншенің мәдениет қайраткері ретіндегі өмір жолы сонымен тоқырады. Сосын біртіндеп бәрі кері кетті. Ал Смағұл тағы біраз уақыт белсенді күрес сапында жүрді…

Ұзақ жылдарғы отарлық бұғаудан босап, тарих сахнасына қазақ атымен қайта шыққанына масайраған аңғал жұртты билеп-төстеу тағына қазақ жер-суы біріктірілгеннен кейін де бөгде біреу отырғызылған еді. Зымиян пиғылын әдемі ұрандармен көлегейлеген астам көкірек жатжұрттық. Соның қолымен неоимпериялық Үлкен үй өзі тігіп берген Кішкене отауды – Ресей Федеративтік Республикасы құрамындағы автономиялық республика дәрежесінде әспеттелген қазақ елін – қалауынша билеп-төстеді. Сол эмиссарының қолымен Қазақстанды бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген жаңа күйзелістерге ұрындырды. Қазақты шұрайлы жер-суынан жаңаша айырды. Дәстүрлі тыныс-тіршілігін, өмір салтын қатты өзгеріске ұшыратты. Айналып келгенде, аштықтан қырылған «болашақсыз» көшпенділердің сүйегі үстінде жаңа империяның әр түкпірінен жиылған бақ қуушылармен бірге «коммунизм орнатуға» барша жұртты ұмтылтқан имансыз «іргетас» қалады. Сондай құрылыс салуды көздеген ұмтылыс жолындағы кедергілер – «алашордашылар», «ұлтшылдар», «антикеңестік элементтер» – жойылуға тиіс еді, сондайлардың алғашқы санатына Дінше де іліккен болатын.

Тағдыр әжуәсін қойсаңызшы… Патшалық тұсында, қазақтың 16-шы жылғы ұлт-азаттық көтерілісі қарсаңында Түркістан өлкесі генерал-губернаторының көмекшісі қызметіне генерал Ерофеев жіберілген. Ол мұнда өлке әміршісінің көмекшісі болумен ғана шектелген жоқ, ол құдды бас әкімнің тап өзіндей жұмыс істеуге тырысты. Бұған, губернатор аурушаң болғандықтан, әрәдік оның міндетін атқарып жүргені себеп болуы да ықтимал. Не керек, орынбасар-губернатор өлкедегі отаршылдардың мәртебесін арттыра түсуді мақсат еткен екен. Сол тілегіне жетуді көздейтін шара ретінде, туземдіктерге арналған жаңа ереже жария етіпті. Түркістанның жергілікті халқы енді отар әкімшілігінің өкілдерін, тіпті исі орыс адамдарын көре қалса, орындарынан тұрып, бастарын төмен иіп, қол қусырып қарсы алуы керек болды. Сондай тәртіпті мұқият сақтау жайында төменгі чиновниктеріне генерал Ерофеев тиісті нұсқау беріпті. Осындай астам пиғыл отаршылдардың большевик ізбасарларына да дарып, Советтік Түркістан Республикасы тұсында да өзіндік көрініс тауып тұрды. Бұл, әсіресе, 1924 жылы Ленин қайтыс болғанда даңғаза көрініс тапты. Пролетариат көсемінің өлімін большевиктер Ташкентте «туземдіктерді» жер тізерлете отырғызып, өздері түрегеп тұрған қалыпта аза тұтқан екен. Сөйтіп, көсем аруағын ұрандата ұлықтаған көрінеді. Большевизм сарбаздарының жергілікті халықты соншалықты төменшіктетіп масқаралау мен қорлауын бастарынан кешіп, көздерімен көрген «туземдіктердің» көкірегі ояулары іштей күрсінген де қойған. Шарасыз күйініштерін бар болғаны газетке шыққан шағын мақалада елеусіздеу сездіруге ғана шамалары жетсе керек. Партиялық-кеңестік мерзімді басылымдарда болымсыз хабар ретінде жарияланған сол дерек эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқайұлының назарынан тыс қалмады.  Ол әсіреқызыл отарлаушы-коммунистердің бұл «дәстүрін» 1928 жылы Парижде Еуропа демократиялық жұртшылығы үшін жазған «Советтер Орта Азияда» атты әйгілі еңбегінде әшкереледі.

Міне сол «туземдіктердің» «халық жауы» қара бояуымен таңбаланған алғашқы өкілдерінің бірі Дінше пролетариаттың ұлы көсемінің  туғанына алпыс жыл болған мерейтойы күні атып тасталды. Қазақтардан ол жалғыз емес болатын. Қызыл империяның ОГПУ (Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма) деген атпен санаға үрей шаша сіңген жазалағыш мекемесі ұлт қайраткерлерін репрессиялау науқанының алғашқы толқынында қырықтан астам азаматты қармаған. Қазақ елінің астанасы Қызылордадан Кеңестер Одағының астанасы Мәскеу қаласының түрмесіне әкеліп тергеген де, үкім шығарған. Сонда, қалың жұртшылыққа Бутырка атауымен мәлім большевизм абақтысындағы көзден таса жер асты қапастарының бірінде, солардың төртеуі оққа байланған. Сол төрттің бірі, мәдениет қайраткері Дінмұхамед (Дінше)  Әділов еді, ол жазушы Жүсіпбек Аймауытов, журналист Ахметсафа Юсупов, әдебиетші Әбдірахман Байділдинмен бірге бір күнде – 1930 жылғы 21 сәуірде атылды. Ұлттық мәдениетке де, ұлттық мемлекет үшін күреске де өз кездерінде өзіндік үлестерін қосқан бұл боздақтар осылай, нөмірі бірінші большевик дүниеге келген «қасиетті күнге» орай құрбандыққа шалынды. Құдды бір әлемдік революцияға берілген тасаттықтай, революция өртін тұтатушы марқұмның мерейжасын еске алып, бейне бір «қасиетті күнді» атап өткендей мәртебеде өлтірілді. Оларды түрменің жерасты қабатында атып, Ваганька қорымында құпия қазылған бір шұңқырға, мемлекеттік террордың өзге құрбандарымен бірге, жасырын көміп тастаған екен. Бүгінде сүйектері Ресей астанасы Мәскеудің қақ төрінде, қиянаттан қаза тапқан жүздеген, мыңдаған тоталитаризм шейіттерімен араласып, бауырластар зиратында жатыр. Бастары алпыс жылдық «ұмыттырудан» кейін қарайтылды. Демократия дауылы соғуының арқасында барлығына ортақ бір ескерткіш-құлпытас қойылды.

1933 жылы жұмбақтау жағдайда опат болған Смағұл Садуақасовтың сүйегі Мәскеудің Дон зираты крематорийінде өртелді. Күлі салынған сауыт сонда сегіз онжылдыққа жетеғабыл мерзім бойы тұрды. Ақыры, ұлт патриоттарының күш салуымен, 2011 жылы Астанаға әкелініп, мұсылмандар қабірстанына жерленді. 1935 жылы кеңестік концлагерлер жүйесіндегі Карелияның Соловецк поселкесінде ГУЛАГ тұтқыны Міржақып Дулатов дүние салды. Сүйегі алпыс жылдан кейін тәуелсіз еліне әкеліп қойылды. «Үлкен террор» жылдары Мәскеуде Әлихан Бөкейханов, Нығмет Нұрмақов, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов,  Жаһаншаһ Досмұхамедов, Садық Нұрпейісов, Орынборда Қошке Кемеңгеров, Алматыда Ахмет Байтұрсынов, Қоңырқожа Қожықов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Исаев, Темірбек Жүргенов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Санжар Асфендияров, Жанайдар Садуақасов, Ораз Жандосов, Құдайберген Жұбанов, Ғабдолхәкім Бөкейханов, Рақым Сүгіров, Ташкентте Мұхамеджан Тынышбаев сынды жүздеген боздақ атылды. Шымкентте, Ақтөбеде, басқа да жерлерде талай азамат саяси қуғын-сүргін салдарынан опат болды. Берлинде 1941 жылы жұмбақ жағдайда Мұстафа Шоқаев қаза тапты. Бұлар және аттары аталмаған солар қатарлылардың баршасы ұлттық қозғалысқа толқын-толқын болып құйылып, ұлы өзгеріс істеріне жегілген азаматтар еді. Бәрі де жаңа тұрпатты империя жүргізген саяси репрессияның қатыгез қара семсеріне ілікті. Қуғын-сүргін науқаны аяқтала бере жаһандық алапат соғыс болды. Одан соң «халықтар әкесі» өмірден озды. Сосын жеке басқа табыну әшкереленіп, жазықсыз жазаланған азаматтар ақтала бастады.

Бұл үдерістің өзіндік кезеңдері болды. Әуелде, сталинизм айыпталғаннан кейінгі саяси оқиғалар нәтижесінде туған «жылымық» жылдары сең бұзылып, «халық жауларының» жау емес екені белгілі бола бастаған. Алайда кеңестік-партиялық билік олардың бәрін емес, тек кейбірін іріктеп қана ақтады. «Жылымық» тез мұздап, бұрқ еткен еркіндікті ауыздықтаған жылымшы саясат дәуірледі. Ақыры, санаға қантөгіссіз революция іспетті әсер еткен соны саясат, жаңа бағыт келді. Сол тосын жаңалық дендей келе, есіміне «халық жауы» жаманаты тіркелген бетте-ақ күллі тыныс-тіршілігі дұшпандыққа баланып, құдды бұл дүниеде өмір сүрмегендей, аты мүлдем ұмыттырылған, елім деп еңірегені жоққа шығарылған жандарды еске алу парыз екеніне баршаның көзі жетті. Енді осы жағдайды ешкім мансұқтай алмайтынын көрдік. Бұл рас. Бірақ ұзамай мынаған да көзіміз жетті. Олардың кейбіреулерінің өмір жолдары мен қызметтерін уақыт шаңынан аршып қалпына келтіру, сосын қай-қайсысын да өз дәрежесінде тиісінше бағалап, сіңірген еңбегіне лайықты тарихи орнына қою дегеніңіз – оңай шаруа емес екен. Неліктен? Себебі, халықтың бірнеше ұрпағы бастан кешкен кеңестік заманда тасжүрек жазалаулар кезеңі дәуірлеп, боздақтар бірінен соң бірі сағымды мұрат жолында құрбандыққа шалынды да, олардың аты-жөндері мен атқарған істерін ауызға алмауға замандастары мәжбүр етілді. Ал күллі тоталитарлық жүйенің идеологиясы, ақпараттық тыйым салулары салдарынан кейінгі буындар олардан мүлдем бейхабар болып өсті.  Өстіп  кеңестік жаңа сана, біржақты шындық қалыптасты. 50-ші жылдарғы «жылымықта» коммунистік партия таңдап «тірілтіп» берген боздақтарымыз, кейбірі үлкен кедергілерден өтіп барып қана, жұртшылыққа таныла бастаған-тын. Сөйтіп жекелеген мемлекеттік қайраткерлер мен әдебиетіміздің кеңестік тарихында ізашар болған ақын-жазушыларымыздың біразы қайта туған.  Жазықсыз жазаланған арыстарымыздың бәрі болмаса да, бірқатары осылай қоғамдық ортамызға оралған да, жұртшылықты қуантқан. Дегенмен, тап сол жартыкеш жақсылық салдарынан саяси қуғын-сүргіндер ақиқаты жартылай ғана ашылған да, тиісінше, толық шындыққа қол жетпей қалған. Есесіне шала шындықтар белгілі бір дәрежеде бекем қалыптасқан еді. Сол шала шындықтарды үстем идеология өз ықпалындағы ғылыми, әдеби, мәдени ми қыртысының жықпыл-жықпылына терең дарытқан болатын. Ал халқымыздың тағдырындағы аса зор апат, ұлттық апат – қасіреті ұшан-теңіз ашаршылықтар мүлдем ұмыттырылған.  Большевизм қаламымен сол қасіреттерді бүркемелеп жазылған советтік жасампаз тарих әр санаға өшпестей етіп сіңірілген еді.

Бірақ  әуелі қайта құру саясаты, сосын, әрине, мемлекеттік тәуелсіздігіміз бәрімізді жаңаша түлетті. Сананы оятты. Демократия желі әділетшіл сезімді айрықша сергітіп, жасанды тарихтың тұғырын қатты шайқалтты. Оң өзгеріс басталды, өткенді дұрыс бағалауға шақыратын жаңа көзқарастар туды. Өткенімізді шын таразылауға мүмкіндік беретін жол ашылғанына біз құлай сендік. Сондықтан да сол жолға алаңсыз түстік. Бұрмаланған, қате түсіндірілген бастан кешкендерімізді кең көлемде жаңғыртуға кірістік. Және бұл істе үлкен әріппен жазылатын Әділеттіліктің салтанат құрарына еш күмәнданған жоқпыз. Ұлт тарихына қоғамдық келісімнің, халық бірлігінің негізі ретінде айрықша мән берілген, рухани жаңғыруды алға мақсат етіп қойған қазіргі таңда  бізге осы жағдайды мейлінше тиімді етіп пайдалану ләзім. Қаралы тарихтың көлегейленген қыртыстарын түгел ақтарып, әділ саралауға кедергі жасалмауға тиіс. Әділ сараланған қаралы тарихты жұртшылыққа ұтымды тәсілдермен үзбей жеткізіп отыру маңызды. Бұл әркімнің өзін өзі тарихпен тәрбиелеуіне көмектеседі. Азаматтарды шыншыл, әділ тарих арқылы тәрбиелеу – ел бірлігін арттыра берудің, отаншылдық сезімді нығайта түсудің, сондай-ақ қазіргі таңда қызу қолға алынып жатқан қоғамдық сананы батыл жаңартудың ең сенімді жолы.

Түркістан ауданы бойынша репрессия құрбандарының тізімі, okg дереккөздеріне сүйене:

  1. АБДЕСОВ Қары – 1880 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған. Маусымдық жұмыста жұмыс істеген. 1941 жылы 7 шілдеде сотталған. 1956 жылы 29 шілдеде ақталған.
  2. АБДУЛАСЕНОВ Абдулахан – 1902 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ селосында тұрған.
  3. АБДУЛЛИН Шогман – 1908 жылы туған. Түркістан қаласы, Қызылорда көшесі, №4 үйде тұрған. Госстрахта инспектор болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 тамызда сотталған. 1957 жылы 2 тамызда ақталған.
  4. АБДУЛЛАЕВ Каюм – 1899 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан стансасы, жұмыс орны аудандық Внуторгта салық жинаушы болып қызмет істеген. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1962 жылы 2 қыркүйекте ақталған.
  5. АБДУЛЛАХОДЖАЕВ Исматулла – 1868 жылы туған. Туған жері – Түркістан қаласы, Қарнақ көшесі, №43 үй. Мешітте молда болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1954 жылы 14 тамызда ақталған.
  6. АБДУЛЛИН Баймахан Әлішерұлы – 1901 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, Ащысай руднигі, АХО-да жұмыс істеген. 1938 жылы 28 ақпанда сотталған. 1997 жылы 23 сәуірде ақталған.
  7. АБДУРАХМАНОВ Абдувахап – 1899 жылы Түркістан қаласында туған. Түркістан қалалық Кеңесінің төрағасы. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1963 жылы 30 қазанда ақталған.
  8. АБДУРАХМАНОВ Қасым – 1892 жылы Қытайда туған, күзеті болған. 1938 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 25 тамызда ақталған.
  9. АБДУРАХМЕНОВ Құрбан – 1893 жылы туған. Түркістан қаласы, Еңбекші артелінде арбакеш болған. 1938 жылы 11 ақпанда сотталған. 1963 жылы 21 қазанда ақталған.
  10. АБДУРАХМАНОВ Сайт-наби – 1868 жылы туған. Түркістан қаласында сатушы болған. 1930 жылы 9 сәуірде сотталған. 1958 жылы 9 қазанда ақталған.
  11. АБДУРАХМАНОВ Хиския Израилович – 1877 жылы Түркістан қаласында туған. Саудагер болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 23 қарашада ақталған.
  12. АБДУСАМАТОВ Абдураим – 1909 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 9 сәуірде сотталған. 1958 жылы 9 қазанда ақталған.
  13. АБДУСАТТАРОВ Исмаил – 1864 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 9 сәуірде сотталған. 1958 жылы 9 қазанда ақталған.
  14. АБДУЛЛАХОДЖАЕВ Исматулла – 1868 жылы Түркістан қаласында туған, 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1958 жылы 30 қаңтарда ақталған.
  15. АБИШЕВ Тулеген – 1903 жылы туған. Түркістан стансасы, Ащысай полиметалл теміржолында жол қараушы болып жұмыс істеген. 1938 жылы 28 шілдеде сотталған. 1971 жылы 25 тамызда ақталған.
  16. АБСАМЕТОВ Абдужаппар – 1885 жылы туған. Түркістан стансасында тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 26 маусымда ақталған.
  17. АБСАМАТОВ Абсаттар – 1893 жылы туған. Түркістан стансасында тұрған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 26 маусымда ақталған.
  18. АВЕКИЕВ Сергей Кириллович – 1905 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде плановик болып жұмыс істеген. 1938 жылы 30 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 4 тамызда ақталған.
  19. АЛДАШУКУРОВ Құрбан – 1904 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, Корчагин. 1937 жылы 19 шілдеде сотталған. 1989 жылы 31 мамырда ақталған.
  20. АЛДИЯРОВ Мухитдин – 1905 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған. Түркістан аудандық партия комитетінде насихатшы болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1963 жылы 28 желтоқсанда ақталған.
  21. АЛИЕВ Агажан – 1909 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында жұмысшы болған. 1938 жылы 26 қазанда сотталған. 1989 жылы 3 тамызда ақталған.
  22. АМАНТАЕВ Джағанша – 1911 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай поселкесі. Ащысай руднигіндегі асхана меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 9 тамызда ақталған.
  23. АНАРБАЕВ Асет – 1908 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ ауылында тұрған, диқан болған. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1993 жылы 29 қазанда ақталған.
  24. АНДРЕС Зельман – 1896 жылы Польшаның Собота қаласында туған. Түркістан қаласындағы Буденный атындағы мектепте мүғалім болған. 1942 жылы 2 қыркүйекте сотталған. 1990 жылы 4 мамырда ақталған.
  25. АНЧИКОВ Иван Иванович – 1893 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған. Қалалық ауруханада жұмыс атқарған. 1938 жылы 10 қазанда сотталған. 1959 жылы 5 наурызда ақталған.
  26. АСЕТДИНОВ Уркуш – 1903 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1999 жылы 26 ақпанда ақталған.
  27. АСҚАРОВ Есім – 1893 жылы туған. Түркістан ауданында тұрған, еңбек артелінде аға есепші болған. 1938 жылы 5 қыркүйекте  сотталған. 1958 жылы 16 қыркүйекте  ақталған.
  28. АСЫЛБЕКОВ Қадырбай – туған жері Түркістан ауданы, Ащысай поселкесі. Шымкент қаласының жер бөлімі, Түркістан жер бөлімі. 1937 жылы 28 қыркүйекте  сотталған. 1960 жылы 3 тамызда ақталған.
  29. АСЫЛБЕКОВА Кульджан – 1920 жылы туған. Түрған жері – Түркістан ауданы, Хантағы қыстағы. Хантағы руднигінде лебедчица болып жұмыс істеген. 1945 жылы 5 ақпанда сотталған. 1945 жылы 5 наурызда ақталған.
  30. АТАЖАНОВ Ибай – 1887 жылы туған. Түркістан ауданы Карачинде тұрған. Әртүрлі жұмыстар істеген. 1937 жылы 19 шілдеде сотталған. 1989 жылы 31 мамырда ақталған.
  31. АТАДЖАНОВ Қонбай – 1896 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан ауданы, «Ынталы» колхозында төраға болып жұмыс атқарған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1961 жылы 6 сәуірде ақталған.
  32. АТАХОДЖАЕВ Ташходжа – 1898 жылы туған. Тұрған жері – Түркістан қаласы, жұмыс істемеген. 1938 жылы 28 наурызда сотталған. 1989 жылы 26 шілдеде ақталған.
  33. АТАШЕВ Ахмет – 1866 жылы туған. Түркістан, Оранғай ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 27 қыркүйекте  сотталған. 1989 жылы 30 мамырда ақталған.
  34. АТАНСАНОВ Ибат –  Түркістан ауданында туған, колхозшы. 1937 жылы 5 қыркүйекте  сотталған. 1989 жылы 31 наурызда ақталған.
  35. АХМЕТОВ Патша – 1908 жылы туған. Түркістан қаласында асханада аспазшы болған. 1938 жылы 26 шілдеде сотталған. 1989 жылы 26 шілдеде ақталған.
  36. АХМЕТОВ Судан – 1886 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай поселкесіндегі рудникте жұмысшы болған. 1937 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1957 жылы 16 мамырда ақталған.
  37. Әбдірахманов Моша – 1895 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ. Түркістандағы №1 сырахананың меңгерушісі. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 25 қарашада ақталған.
  38. ӘБДІҒАЛИЕВ Темірғали – 1912 жылы Қарағанды облысында туған, қазақ. Түркістан ауданы бойынша қаржы тексерушісі. 1942 жылы 31 наурызда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  39. ӘБДІШҮКІРОВ Әлихан – 1908 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ. Ащысай кенішінің жұмысшысы. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1957 жылы 14 наурызда ақталған.
  40. БАБАМЖАНОВ Рахменқұл – 1886 жылы туған. Түркістан ауданы, Еңбекші артелінде қойма меңгерушісі болған. 1938 жылы 11 ақпанда сотталған. 1963 жылы 21 қаңтарда ақталған.
  41. БАЙБЕРГЕНОВ Байзақ – 1893 жылы туған. Түркістан ауданы, «Өсектас» колхозында колхозшы болған. 1933 жылы 25 қыркүйекте сотталған. 1996 жылы 28 мамырда ақталған.
  42. БАЙБУЛАТОВ Нұрмыш – 1897 жылы туған. Түркістан ауданы, Қаражон ауылында ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеген. 1936 жылы 14 ақпанда сотталған. 1961 жылы 6 шілдеде ақталған.
  43. БАЙЗАҚОВ Дәулетбай – 1883 жылы Түркістан ауданында туған, қазақ. Колхозшы. 1937 жылы 11 қазанда сотталған. 1957 жылы 11 сәуірде ақталған.
  44. БАЙМЕТОВА Хильвета-Кулгат – 1894 жылы Түркістан қаласында туған. 1937 жылы 27 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 31 мамырда ақталған.
  45. БАЙҒАРАЕВ Ибрайхан – 1903 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде шахтада забойщик болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  46. БАЙЖАНОВ Абдукарим – 1903 жылы туған. Түркістан ауданы, Хантағы ауылында рудниктің транспорт бөлімінің меңгерушісі болған. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1955 жылы 30 шілдеде ақталған.
  47. БАЙЖАНОВ Шермет – 1905 жылы туған. Түркістан ауданы, «Бірлік» колхозында қойма меңгерушісі болған. 1938 жылы 30 қыркүйекте сотталған. 1964 жылы 8 қыркүйекте ақталған.
  48. БАЙЗАҚОВ Мәуленқұл – 1870 жылы туған. Түркістан ауданы, Шоқтас мал шаруашылығы фермасында ферма бастығы болған. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1989 жылы 30 мамырда ақталған.
  49. БАЙМАХАНОВ Ақан – 1896 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай ауылында рудникте откатчик болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 9 тамызда ақталған.
  50. БАКИМОВ Бурхан – 1901 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақта тұрған. Жұмыс істемеген. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1999 жылы 26 ақпанда ақталған.
  51. БАКМЕНКО Константин Игнатьевич – 1911 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде аға электро-монтер болып жұмыс істеген. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1958 жылы 11 қыркүйекте ақталған.
  52. БАЛТАЕВ Хашим – 1893 жылы туған. Түркістан қаласындағы асханада жұмысшы болған. 1938 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 25 тамызда ақталған.
  53. БАУАТДИНОВ Гулам – 1900 жылы туған. Түркістан қаласында – Жигулиде фермада атбақташы болған. 1938 жылы 2 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 28 шілдеде ақталған.
  54. БАХИЛЬБЕКОВ Абдуманап – 1902 жылы туған. Түркістан мақта зауытында меңгеруші болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1957 жылы 17 қазанда ақталған.
  55. БЕКМАМБЕТОВ Ташмембет – 1896 жылы туған. Түркістан ауданы, Қаражог ауылында ауылдық Совет председателі болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1961 жылы 6 шілдеде ақталған.
  56. БЕКТҰРСУНОВ Шаймерден – 1906 жылы туған. Түркістан қаласында орта мектептке мұғалім болған. 1942 жылы 31 наурызда сотталған. 1956 жылы 17 шілдеде ақталған.
  57. БЕЛИСАРОВ Досқұл – 1902 жылы туған. Түркістан ауданы, Ата ауылында (Атабай) тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 1 қарашада сотталған. 1956 жылы 30 желтоқсанда ақталған.
  58. БЕРТ Карл Михайлович – 1898 жылы Латвияда туған, латыш. Түркістан аудандық өкілетті комитетінде істеген. 1938 жылы 12 қазанда сотталған. 1958 жылы 28 шілдеде ақталған.
  59. БИСЕМБАЕВ Шаяхмет – 1876 жылы туған. Түркістан Ащысай руднигінде техник болып жұмыс істеген. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1956 жылы 18 тамызда ақталған.
  60. БИТЕБАРОВ Тулеш – 1902 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай қыстағында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 9 тамызда ақталған.
  61. БОСПАЕВ Әлішер – 1904 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде «десятник», «забойщик» болып жұмыс істеген. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 17 шілдеде ақталған.
  62. БРАТИШКА Прокофий Павлович – 1884 жылы туған. Түркістан мақта зауытында шофер болып жұмыс істеген. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 26 шілдеде ақталған.
  63. Бурнашев Ибрагими Мұхамеджанович – 1899 жылы туған. Түркістан мақта зауытында жұмыс істеген. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1957 жылы 17 қазанда ақталған.
  64. БУХАРОВ Исатай – 1895 жылы туған. Түркістан ауданы, Ащысай руднигінде ОРС-та сатушы болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1959 жылы 16 сәуірде ақталған.
  65. БОРУХОВ Михаил Иосифович – 1909 жылы Түркістан қаласында туған, жер құрылыс маманы. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 25 қарашада ақталған.
  66. ВЕДЕРНИКОВ Семен Гаврилович – 1903 жылы туған. Түркістан теміржолында вагон қараушысы болып жұмыс істеген. 1937 жылы 21 қыркүйекте  сотталған. 1966 жылы 14 қазанда ақталған.
  67. ВЕКЛИЧ Никонстрат Евгеньевич – 1881 жылы туған. Ащысай руднигінде жабдықтау бөлімінде жұмыс істеген. 1938 жылы 30 қыркүйекте сотталған. 1959 жылы 26 ақпанда ақталған.
  68. ВОРОЖИНСКИЙ Борис Иванович – 1888 жылы Харьков қаласында туған. Түркістан қаласында жол шебері болған. 1938 жылы 10 қазанда сотталған. 1989 жылы 3 тамызда ақталған.
  69. ВОЛОЩЕНКО Григорий Трофимович – 1894 жылы туған. Ащысай руднигінде 7-ші участокта бастықтың көмекшісі болған. 1942 жылы 24 қарашада сотталған. 1989 жылы 5 қазанда ақталған.
  70. ГАЙНУЛЛИН Якуб Хайруллаевич – 1888 жылы туған. Ащысай руднигіндегі кен байыту фабрикасында завхоз болған. 1938 жылы 20 наурызда сотталған. 1989 жылы 3 тамызда ақталған.
  71. ГАЛИЦИНА Надежда – 1871 жылы туған. Түркістан қаласында тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 2 ақпанда сотталған. 1989 жылы 03 тамызда ақталған.
  72. ГЕЧЕВ Андрей Михаилович – 1888 жылы туған. Түркістан қаласында аудандық «внуторгта» директор болған. 1938 жылы 8 қазанда сотталған. 1963 жылы 14 тамызда ақталған.
  73. ГОРИН Никифор Иванович – 1888 жылы туған. Түркістан стансасында кузнец-единоличник болып жұмыс істеген. 1937 жылы 1 қарашада сотталған. 1989 жылы 30 мамырда ақталған.
  74. ГУЛЬМЕТОВ Чал – 1872 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 25 тамызда сотталған. 1999 жылы 26 ақпанда ақталған.
  75. ГУРАЛЬСКИЙ Мирон Петрович – 1902 жылы туған. Түркістан стансасында жұмысшы болған. 1937 жылы 26 желтоқсанда сотталған. 1989 жылы 23 маусымда ақталған.
  76. ДАВЛЕТБАЕВ Бадақ – 1880 жылы туған. Түркістан ауданы, 10-шы ауылда жұмыс істеген. 1930 жылы 7 мамырда сотталған. 1989 жылы 7 мамырда ақталған.
  77. ДАУРЕНБЕКОВ Оразбек – 1897 жылы туған. Түркістан ауданы, «Баспақкөл» колхозында колхозшы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  78. ДЕДОЛКО Федор Андреевич – 1910 жылы Гродно губерниясында туған. Түркістан байланыс бөлімшесінің меңгерушісі. 1938 жылы 16 қаңтарда сотталған. 1989 жылы 25 тамызда ақталған.
  79. ДЖАБАЕВ Рүстембек – 1894 жылы туған. Түркістан қалалық милиция бастығы болған. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  80. ДЖАНЗАҚОВ Наримбек – 1899 жылы туған. Түркістан мақта зауытында өндіріс меңгерушісі болған. 1938 жылы 11 ақпанда сотталған. 1963 жылы 21 қазанда ақталған.
  81. ДЖОЛДАСБЕКОВ Данарбек Арыспаевич – 1907 жылы туған. Ащысай руднигінде десятник, забойщик болып жұмыс істеген. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  82. ДЖОМАРТОВ Жолдасбай – 1896 жылы туған. Ащысай поселкесінде тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  83. ДЖУМАБЕКОВ Рысбай – 1888 жылы туған. Ащысай руднигінде тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 5 маусымда сотталған. 1958 жылы 5 маусымда ақталған.
  84. ДОРЖАНОВ Болыс – 1880 жылы туған. Түркістан ауданы, Фрунзе колхозында колхозшы болған. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1999 жылы 12 тамызда ақталған.
  85. ДОСАНОВ Абдунаби – 1893 жылы туған. Ащысай руднигінде жұмыс істеген. 1938 жылы 16 тамызда сотталған. 1989 жылы 28 тамызда ақталған.
  86. ЕРЖІГІТОВ Рахым – 1910 жылы Түркістан қаласында туған. Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында мемлекеттік банк инспекторы болған. 1938 жылы 8 ақпанда сотталған. 1958 жылы 31 қаңтарда ақталған.
  87. ЕСЕНСЕЙІТОВ Ахмет – 1913 жылы туған. Түркістан ауданында туған. 1938 жылы 11 ақпанда сотталған. 1957 жылы 16 ақпанда ақталған.
  88. ЖАКЕЕВ Жорабек – 1903 жылы туған. Ащысай руднигіндегі коммунальный бөлімінде десятник болған. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 9 тамызда ақталған.
  89. ЖАКЕНОВ Сұлтан – 1908 жылы туған. Ащысай руднигінде өрт сөндіру күзетінің бастығы болған. 1937 жылы 7 желтоқсанда сотталған. 1956 жылы 17 тамызда ақталған.
  90. ЖАНДАРБЕКОВ Дарменбай – 1888 жылы туған. Қандөз ауылында мешітте молда болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 9 ақпанда ақталған.
  91. ЖАНАЗАРОВ Базарбай – 1896 жылы Түркістанда туған, шаруа адам болған. 1930 жылы 8 сәуірде сотталған.  1989 жылы 7 мамырда ақталған.
  92. ЖАРМЕТОВ Сапаш – 1886 жылы туған. Қарнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1999 жылы 26 ақпанда ақталған.
  93. ЖУРЕВИЧ Александр Николаевич – 1897 жылы туған. Түркістан теміржолында вагон қараушы болған. 1937 жылы 21 қарашада сотталған. 1989 жылы 30 желтоқсанда ақталған.
  94. ЖУРЛОВ Владимир Лукич – 1897 жылы туған. Ащысай комбинатында бас инженер болған. 1938 жылы 26 ақпанда сотталған. 1939 жылы 30 желтоқсанда ақталған.
  95. ЗАЙЦЕВ Иван Сергеевич – 1905 жылы туған. Түркістан стансасында бригадир болған. 1938 жылы 28 шілдеде сотталған. 1971 жылы 25 тамызда ақталған.
  96. ЗАРВА Василий Петрович – 1891 жылы туған. Хантағы руднигінде экономист болған. 1938 жылы 10 қазанда сотталған. 1989 жылы 30 қазанда ақталған.
  97. ЗЕФИРОВ Сергей Павлович – 1894 жылы туған. Ащысай полиметалл комбинатында инженер-электрик болған. 1938 жылы 26 ақпанда сотталған. 1997 жылы 22 сәуірде ақталған.
  98. ЗИМГУРОВ Наби Хайрулович – 1891 жылы туған. Ащысай руднигінде дробильщик болған. 1938 жылы 12 қазанда сотталған. 1958 жылы 15 мамырда ақталған.
  99. ИБАДУЛЛАЕВ Хачи – 1909 жылы туған. Түркістан ауданы, Қарнақта тұрған, жұмыс істемеген. 1930 жылы 20 мамырда сотталған. 1999 жылы 26 ақпанда ақталған.
  100. ИБРАГИМОВ Ильяс – 1891 жылы туған. Ащысай ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  101. ИБРАГИМОВ Махмут-Ахун – 1897 жылы туған. Түркістанда тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 2 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 5 тамызда ақталған.
  102. ИБРАИМОВ Ешмет – 1882 жылы туған. Түркістан ауданы, Шорнақ ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  103. ИБРАИМОВ Идрис – 1871 жылы туған. Түркістан ауданы, «Баспақкөл» колхозында тұрған, жұмыс істемеген. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  104. ИЗБАНОВ Аққозы – 1905 жылы туған. Түркістан аудандық партия комитетінің хатшысы болған. 1938 жылы 19 ақпанда сотталған. 1958 жылы 21 мамырда ақталған.
  105. ИМАМБАЕВ Оразбай – 1891 жылы туған. Түркістан аудандық заготпушнинада жауапты қызметкер болған. 1937 жылы 28 тамызда сотталған. 1957 жылы 2 тамызда ақталған.
  106. ИМАМБАЕВ Бейсенбай – 1906 жылы Түркістан ауданында туған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1957 жылы 14 наурызда ақталған.
  107. ИМАМХОДЖАЕВ Халит – 1897 жылы туған. Түркістан ауданы, Еңбекші артелінде төрағаның орынбасары болған. 1938 жылы 11 ақпанда сотталған. 1963 жылы 21 қазанда ақталған.
  108. ИНОГАМОВ Атахан – 1905 жылы Түркістан ауданында туған. Арыс су шаруашылығы басқармасының бастығы болған. 1938 жылы 21 ақпанда сотталған. 1962 жылы 23 тамызда ақталған.
  109. ИСКАКОВ Қали – 1898 жылы туған. Хантағы руднигінде партия комитетінің хатшысы болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  110. ИСЛАМОВ Балтақожа – 1869 жылы туған. Түркістан ауданы, Қырық кепе ауылында тұрған, жұмыс істемеген. 1937 жылы 15 қыркүйекте сотталған. 1957 жылы 28 мамырда ақталған.
  111. ҚАЛБЫРОВ Бекмамбет – 1879 жылы туған. Ащысай руднигінде коммунальный бөлімінде жұмысшы болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  112. КАЛМЫКОВ Николай Васильевич – 1894 жылы туған. Байжансай руднигіндегі геологиялық-барлау партиясының есепшісі болған. 1938 жылы 10 қазанда сотталған. 1989 жылы 25 тамызда ақталған.
  113. КАМЕЛЕДДИНОВ Мифтик – 1915 жылы туған. Ащысай руднигінде счетовод болған. 1938 жылы 12 қазанда сотталған. 1958 жылы 15 мамырда ақталған.
  114. КАН Алексей Николаевич – 1906 жылы туған. Түркістан қаласы, К.Маркс көшесі, 12-үйде тұрған. Облыстық сауда базасында товаровед болған. 1938 жылы 10 қазанда сотталған. 1960 жылы 1 қыркүйекте ақталған.
  115. КАНАЕВ Имамберді – 1908 жылы туған. Ащысай руднигінде күзет бастығының орынбасары болған. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  116. КАРАБАСОВ Зульнасар – 1883 жылы Түркістан ауданындағы Жаңа Иқан ауылында туған. 1938 жылы 20 шілдеде сотталған. 1939 жылы 10 қыркүйекте ақталған.
  117. ҚАРЫБАЕВ Джусут (Жусуп) – 1868 жылы туған. «Қандөз» колхозында колхозшы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  118. ҚАШАҒАНОВ Көней – 1885 жылы туған. Ащысай қыстағында тұрған. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 9 тамызда ақталған.
  119. КАВРЕНУБАЕВ (Керуенбаев) Амре – 1906 жылы туған. Түркістан аудандық партия комитетінің хатшысы. 1937 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1955 жылы 30 тамызда ақталған.
  120. КЕГЕЛЬ Николай Николаевич – 1888 жылы туған. Ащысай полиметалл комбинатында электрик болған. 1938 жылы 27 ақпанда сотталған. 1999 жылы 17 маусымда ақталған.
  121. ҚАЗАНҚАПОВ Шубай – 1908 жылы туған. Ащысай руднигінде сауда бөлімінің бастығы болған. 1931 жылы 28 қарашада сотталған. 1955 жылы 30 желтоқсанда ақталған.
  122. КОНДУХОВ Абсамит – 1896 жылы туған. «Бірлік» колхозында колхозшы болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 30 қазанда ақталған.
  123. КОНКУРКУЛЬДЖАЕВ Анет – 1891 жылы туған. Ащысай руднигінде асхана меңгерушісі болған. 1937 жылы 7 желтоқсанда сотталған. 1958 жылы 5 маусымда ақталған.
  124. КУДИЕВ Саты – 1870 жылы Түркістан ауданында туған, колхозшы. 1937 жылы 11 қазанда сотталған. 1957 жылы 11 сәуірде ақталған.
  125. ҚАРЫНБАЕВ Жүсіп – 1904 жылы Түркістан ауданында туған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  126. ҚОЙШЫБАЕВ Бексейіт – 1899 жылы Түркістан ауданында туған, шөп қабылдаушы болған. 1938 жылы 28 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 19 тамызда ақталған.
  127. ҚУАНДЫҚОВ Жалмұхан – 1899 жылы Түркістан ауданында туған, колхозшы. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 11 сәуірде ақталған.
  128. ҚҰНДЫЗОВ Әбсейіт – 1897 жылы Түркістан ауданында туған, колхозшы болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1989 жылы 30 қазанда ақталған.
  129. МЫРЗАЕВ (Мұрзаев) Мекембай – 1896 жылы Түркістан ауданында туған, колхоз төрағасы болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1955 жылы 7 мамырда ақталған.
  130. НАХИПОВ Шамсутдин – 1882 жылы Түркістан ауданында туған, молда болған. 1937 жылы 15 қыркүйекте сотталған. 1958 жылы 12 маусымда ақталған.
  131. НӘЖІМОВ Ергеш – 1899 жылы Түркістан ауданында туған, нұсқаушы болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1989 жылы 7 мамырда ақталған.
  132. НӘЛІХОДЖАЕВ Оспан Ходжа – 1867 жылы Түркістан ауданында туған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1958 жылы 30 қаңтарда ақталған.
  133. НҰРМҰХАМЕДОВ Баша (Нұрмұхамед Ходжаев) – 1837 жылы Түркістан ауданында туған. 1937 жылы 15 қыркүйекте сотталған. 1958 жылы 12 маусымда ақталған.
  134. НҰРШАТАЕВ Әнетбек – 1893 жылы Түркістан ауданында туған, ауылдық Кеңестің төрағасы болған. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1964 жылы 28 қарашада ақталған.
  135. ОМАРОВ Көккөз – 1885 жылы Түркістан ауданында туған. 1938 жылы 31 қыркүйекте сотталған. 1960 жылы 29 қыркүйекте ақталған.
  136. ОНБАСОВ Нұрман – 1897 жылы Түркістан қаласында туған. 1938 жылы 31 қаңтарда сотталған. 1989 жылы 7 мамырда ақталған.
  137. ОРЫНБАЕВ Мамет-Сыдық – 1900 жылы Түркістан қаласында туған, артель аспазы болған. 1938 жылы 5 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 19 тамызда ақталған.
  138. ПИНХАСОВ Нуриэль – 1906 жылы Түркістан қаласында туған. «Осоавиахимның» Түркістан аудандық отрядының бастығы. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  139. ПИНХАСОВ Ханания Хайлович – 1895 жылы Түркістан қаласында туған. Түркістан тұтынушылар одағының өндіріс директоры болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1957 жылы 25 қарашада ақталған.
  140. ПОЛЯКОВ Михаил Лаврентьевич – 1801 жылы Қызылорда қаласында туған, Түркістан нан зауытының бөлім бастығы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1957 жылы 17 қазанда ақталған.
  141. РЫСМЕТОВ Құдайберген – 1890 жылы Түркістан қаласында туған. «Еңбекші» артелінде асхана меңгерушісі болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1963 жылы 30 қазанда ақталған.
  142. РЫСМЕТОВ Құдайберген – 1869 жылы Түркістан ауданының Майдамтал селосында туған. Қырық кепе мешітінің молдасы болған.
  143. САТАЕВ Рысмембет – 1872 жылы Түркістан қаласында туған, қарауыл болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1989 жылы 31 мамырда ақталған.
  144. САЙДАЛИЕВ Абдуғани – 1899 жылы Түркістан стансасында туған, «Жигули» кондорында мастер болған. 1938 жылы 26 қазанда сотталған. 1959 жылы 21 наурызда ақталған.
  145. СУХО-ИВАНОВ Джео Василий Степанович – 1909 жылы Түркістан қаласында туған, кірпіш зауытының бас инженері болған. 1938 жылы 23 мамырда сотталған. 1957 жылы 23 қарашада ақталған.
  146. ТАУТЫНБАЕВ Садық – 1910 жылы Түркістан қаласының Қандөз ауылында туған, «Баспаққұр» колхозының төрағасы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  147. ТАСАНОВ Есжан – 1874 жылы Түркістан қаласында туған, жеке шаруагер болған. 1937 жылы 11 қазанда сотталған. 1957 жылы 11 сәуірде ақталған.
  148. ТАСТАНБЕКОВ Мырзахмет – 1903 жылы Түркістан қаласының Үшқайық ауылында туған, облыстық білім бөлімінің инспекторы болған. 1942 жылы 31 наурызда сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  149. ТАҒЫБАЕВ Асан – 1888 жылы Түркістан қаласының Хантағы ауылында туған, Хантағы кенішінде өрт сөндіруші болған. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1955 жылы 23 желтоқсанда ақталған.
  150. ТӘЖІҚОЖАЕВ Асан – 1910 жылы Түркістан қаласының Қандөз ауылында туған. Советтердің VIII съезі атындағы колхоздың төрағасы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  151. ТӘЖІКЕЕВ Үйсен – 1889 жылы Түркістан қаласында туған, қазақ, жеке шаруагер болған. 1937 жылы 11 қазанда сотталған. 1957 жылы 11 сәуірде ақталған.
  152. ТӨРЕЖАНОВ Мұхамедраймов Әбілқасым – 1867 жылы Түркістан қаласының Балтакөл ауылында туған, молда-имам болған. 1937 жылы 28 қарашада сотталған. 1957 жылы 17 қазанда ақталған.
  153. ТУРСУНҚОЖАЕВ Тұяқ – Түркістан қаласында туған. Сталин атындағы колхоздың төрағасы болған. 1937 жылы 30 желтоқсанда сотталған. 1958 жылы 30 қаңтарда ақталған.
  154. УБАЙДУЛЛАЕВ Сайфулла – 1898 жылы Түркістан қаласында туған. «Саюзқожа» кеңесінің егенті болған. 1938 жылы 15 қазанда сотталған. 1948 жылы 28 шілдеде ақталған.
  155. УМАРХОДЖАЕВ Алиш – 1892 жылы Түркістан қаласында туған, молда болған. 1937 жылы 1 қарашада сотталған. 1957 жылы 17 қаңтарда ақталған.
  156. УСМАНОВ Юсупхан – 1893 жылы Қытайда туған. Түркістан қаласында «Қызыл Октябрь» колхозында жұмыс істеген 1938 жылы 2 қыркүйекте сотталған. 1989 жылы 19 тамызда ақталған.
  157. ҮСЕНОВ Әбдіжаппар – 1904 жылы Түркістан қаласының Бабайқорған ауылында туған, ауылдық кеңестің төрағасы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1956 жылы 3 қарашада ақталған.
  158. ӨТЕГЕНОВ Садық Халмұхамедович – 1874 жылы Түркістан қаласында туған, мұғалім болған. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1957 жылы 17 шілдеде ақталған.
  159. ФАЙЗАКОВ Самуил Хойсаламанович – 1904 жылы Түркістан қаласында туған, ШҚЗ-да сауда бөлімінің меңгерушісі болған. 1938 жылы 30 қыркүйекте сотталған. 1956 жылы 19 маусымда ақталған.
  160. ХАНГЕЛЬДИЕВ Әбдіжаппар – 1869 жылы Шорнақ ауылында туған, Фрунзе атындағы колхоздың мүшесі болған. 1937 жылы 19 қарашада сотталған. 1957 жылы 3 желтоқсанда ақталған.
  161. ХАЛТАЕВ Жұраш – 1916 жылы Түркістан қаласында туған, «Еңбекші» артелінде шайханашы болған. 1938 жылы 14 ақпанда сотталған. 1963 жылы 30 қазанда ақталған.

Фото: sn.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.