Түркістан облысы

90-нан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткізілді

Түркістан облысында ҚР Президентігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп newsroom.kz хабарлайды.

Атап өтсек, бүгін А.Байтанаев пен К.Сәрсенбаев Арыс қаласындағы «Қызмет-Сервис-Арыс» ЖШС-ның жұмысшыларымен кездесті. Іс-шара барысында Президент сайлауының маңыздылығы түсіндіріле отырып, кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы кеңінен таныстырылды.

Сондай-ақ, үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері Ғ.Медеуов, Г.Ирискелдиев пен А.Бақытжанұлы Сайрам ауданындағы сүт өнімдерін өндіретін өндіріс саласының қызметкерлерімен жүздесті.

– Бүгінгі таңда еңбек адамы – мемлекет дамуының, оның ішінде әлеуметтік құрылымдардың ең басты да маңызды бөлшегіне айналып отырғаны анық. Қарапайым жұмысшы мен адал еңбек жасап жатқан қарашаның мәртебесін көтеруге, оларды ел арасында насихаттауға басымдық беру жайы жиі айтылып жатқаны рас, – деді Ғ.Медеуов жиын барысында.

Одан бөлек, қоғамдық штаб мүшелері Н.Майусова, И.Омарбеков пен

Е.Қабылбеков Созақ ауданы, Жартытөбе ауылына барып, Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы президенттік сайлаудың маңыздылығын түсіндірді. Өз кезегінде, педагогтар ұсыныс-пікірлерін айтып, саяси науқанға белесене қатысатындықтарын жеткізді.

Атап өтсек, бүгін кандидаттың Түркістан өңіріндегі сенімді өкілдері 90-нан астам іс-шараға қатысып, 13 мыңға жуық тұрғын сайлауалды бағдарламамен танысты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.