Түркістан облысы

Сайлау халқымызды биік мақсаттарға жұмылдырады

Алда өтетін Президент сайлауының еліміздегі саяси жүйені қайта жаңғыртудың тетігі ретінде маңызы зор. Бүгінде көршілес мемлекеттерде қақтығыстар өршіп тұрған кезде, еліміздегі ең маңызды мәселе тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау екенін айқын түсінеміз.

Халық сайлауды жұмыла қолдай отырып, ертеңгі күнге деген сенімділікті, жарқын болашақты қамтамасыз ететініне шүбәсіз сену қажет. Сондай-ақ Президенттің Конституциялық реформа нәтижесінде өз өкілеттігін атқару кезінде партия қатарында болмағаны да сайлаудың ашық және сенімді өтетініне үміт арттырады.

Қазіргі таңда сайлау науқаны қызу өтіп жатқанын көріп отырмыз. Президенттікке тіркелген үміткерлер аса белсенділік танытып, өңірлерді аралап, халықтың хал-жағдайымен танысуда.  Кез келген дамыған қоғам үшін Президент сайлауы – айтулы шара. Бұл – елді біріктіретін, жаңа Қазақстан құратын, жаңашылдыққа бастайтын қадам. Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет болуды аңсайтын халық енді өз таңдауын жасайды.

Десе де, ел арасында соңғы жаңалықтардан, оқиғалардан байқағанымыздай, сайлауға деген көзқарас өзгеруде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Ендеше, осы бейбіт күніміз, ашық аспанымыз, тұрақты мемлекетіміздің одан әрі өркендеуі үшін дауыс берейік. Біздің әрқайсымыз Қазақстан атты үлкен отбасының бір-бір мүшесіміз. Сондықтан, жоғарыда айтып өткендей, айтулы шарадан қалыс қалмайық. Президент сайлауына бір кісідей қатысайық!

Лиза ШӘМЕТ,

Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.