Түркістан облысы

Дархан Қыдырәлі Түркістан облысының БАҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін Түркістан облысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі іссапармен келді. Сапар аясында министр «Алатау медиа» орталығында облыстағы БАҚ өкілдерімен кездесті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Келелі басқосуға аудан, қалалардағы телеарналар мен газеттердің Бас редакторлары, ақпараттық порталдардың жетекшілері қатысты. Жиынды «Turkistan Media Holding» ЖШС Бас директоры Жанахмет Ағыбаев ашып, жүргізіп отырды.

Кездесу барысында жаңа және дәстүрлі медианың негізгі проблемасы, коммуникация сала­сын­дағы маңызды мәселелер талқыланды.

Жиында сөз алған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша мемлекеттік қолдаулар және БАҚ туралы заңды жетілдіру бағытындағы кешенді жұмыстарды баяндады.

– Жаңартылатын бұ­қара­лық ақпа­рат құралдары туралы заң жобасында бір­қатар жаңалық болады деп көзделіп отыр. Ақпаратқа қол жеткізу, журна­лис­тердің мәртебесін, кәсіби құзыретін арттыру және тағы басқа бірнеше өзгеріс енгізуді жос­парлап отырмыз, – деді Дархан Қуандықұлы.

Басқосуда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан,  «Түркістан» газетінің бас редакторы Мәлік Әлмаханұлы, «Арыс ақиқаты» газетінің бас редакторы Әбдімәлік Ағыбай, «Жануби Қозоғистон» газетнің Бас редакторы Әлішер Сатыбалдиев БАҚ саласындағы бүгінгі қордаланған өзекті мәселелерді тілдеріне тиек етті. Қойылған сауалдарға министр Дархан Қыдырәлі жан-жақты жауап беріп, ұсыныстардың маңыздылығын жоғары бағалады.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.