Түркістан облысы

Түркістан: Сайлау жайында ақпарат беретін 258 билборд орнатылды

Қазіргі таңда Түркістан облысында орталық сайлау комиссиясы бекіткен эскиз бойынша 344 сыртқы жарнама шығарылып, орналастырылды, деп newsroom.kz хабарлайды. Оның ішінде 258 билборд, 45 баннер, 41 лед-экран бар.

Сонымен қатар, өңірдегі 17 аудан, қалада кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 655 орын белгіленіп, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін 300-ден аса үй-жайлардың орындары нақтыланды.

Аудан, қалаларда президенттікке үміткер кандидаттардың жарнамалық конструкцияларына орындарды бөлу мәселесі пысықталды.

Айта кетейік, елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы белгіленген. Дауыс беру осы күні жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.