Түркістан облысы

Түркістан: Қостанайға гуманитарлық көмек қабылдау басталды

Қостанай облысында орын алған табиғи апатқа байланысты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды, деп newsroom.kz хабарлайды.   

Онда жанашыр азаматтар тарапынан көрсетілетін қайырымдылық көмекті аталған өңірге жөнелту шаралары ұйымдастырылады. «Jastar ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылып, жұмысын бастады.

Бүгін Түркістан қалалық мәслихат депутаты Ақиқат Абдуллаев алғашқылардың бірі болып өз көмегін қабылдау пунктіне жеткізді.  Ол қостанайлықтармен осындай қиын сәтте бірге екенін және жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейтінін айтты. Сондай-ақ Мақтааралдағы су тасқыны, Арыстағы апат кезінде елдің әр түкпірінен оның ішінде Қостанай жұртшылығы да игі істен қапы қалмай қолдау білдіргенін атап өтті.

Қабылдау пунктінде жолға жарамды әрі қажетті азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек бұйымдары жинақталады. Түркістандықтарды қайырымдылық шараға белсенді атсалысуға шақырамыз!

Қабылдау пунктінің мекен-жайы:

Түркістан қаласы, О.Мұсабеков көшесі №2А ғимаратында орналасқан COWORKING орталығы

Байланыс нөмір: +7 776 373 96 96

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.