Түркістан облысы

Түркістан: Састөбе жолы жөндеуден өтті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Prime Lux құрылыс» ЖШС тарапынан Түлкібас ауданындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді деп newsroom.kz хабарлайды.

Нақтырақ айтсақ, облыстық маңызы бар 2,5 шақырымдық КХ-183 Састөбе елді мекеніне кіре беріс жол автомобиль жолы орташа жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілді.

Жөндеу жұмыстары барысында 2,5 шақырым жолдың асфальт жабындысы толығымен жаңартылған. Сондай-ақ, 2 жерге жасанды жол кедергілері мен жол белгілері орнатылып, жол таңбалары сызылған.

Одан бөлек, «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан түнгі уақытта жолды бөліп тұрушы катафоттар орнатылды. Бұл өз кезегінде көлік жүргізушілердің түнгі уақытта жолдың қарсы бетіне шығып кетпеуіне септігін тигізеді. Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауда болды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.