Түркістан облысы

Түркістанда «Нағыз қазақ – домбыра» атты күйшілер сайысы өтті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан қаласында Ұлттық домбыра күніне орай мектеп оқушылары мен студенттер арасында «Нағыз қазақ – домбыра» атты күйшілер сайысы өтті деп newsroom.kz хабарлайды.

Жас күйшілер сайысында қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері мен саз мектебінен жас дарындар қатысты.

Байқау қатысушылары күй тартыста аянып калмады. Өз өнерлерін көрсетіп, күмбірлете күй төккен өнерпаздар халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыка аспабының бірі – домбыра арқылы халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін көрсететін күйлерді орындап шықты.

Бұл байқау өз ұлттық дәстүрімізді көрсету, дәріптеу, қадірлеу, жас жеткіншектерді патриоттық тәрбиеге баулуға арналған іс-шара болып саналады. Домбыраның құдіретін, жас өрендердің күй тарту дағдыларын қалыптастыру мақсатында балаларымызды жинап отырмыз, – деді саз өнері мектебінің ұстазы, оркестр жетекшісі Ерлан Асқарұлы.

Сайыс соңында топ жарған үздіктер анықталып, байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлық тапсырылды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.