Түркістан облысы

Түркістан облысы бойынша 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жиі қойылатын сұрақтар туралы

0
(0)


Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 4 айында облыстың 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 11 мыңнан астам қоңырау келіп түскенін хабарлайды.
Қоңыраулардың негізгі себебі, ағымдағы жылдың 1 сәуірінде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі өтіп, осыған байланысты салық төлеушілердің дербес шоттары бойынша көлік салығын есептеу жүргізіліп, көптеген салық төлеушілерде берешек пайда болуы.

Сонымен қатар, ең көп таралған мәселе салықтық есептілігін ұсынбағаны үшін, сондай-ақ берешектің пайда болуына байланысты салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру болып табылады.

Бұл жерде банк шоттары бойынша қоңыраулар көбінен оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерден түскенін атап өткіміз келеді.
Салық кодексінің нормаларына сәйкес, мұндай жеке кәсіпкерлер жеке табыс және әлеуметтік салықтарды жарты жылда бір рет төлейді, өйткені күнтізбелік тоқсан салық төлеушілердің осындай санаты үшін салық кезеңі болып табылады.

Алайда, дара кәсіпкерлер жоғарыда аталған салықтардан басқа, «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі – заңдар) сәйкес әлеуметтік төлемдерді де төлеуге тиіс.

Сонымен қатар, іс жүзінде көптеген кәсіпкерлер әлеуметтік төлемдерді жарты жылда бір рет төлеу керек деп қате ойлайды.
Алайда, жоғарыда аталған Заңдардың нормаларына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдары ай сайын келесі айдың 25-не дейін төленуі тиіс.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдерді уақтылы аудармағаны үшін салық төлеушінің жауапкершілігі қарастырылған.

Әлеуметтік төлемдердің уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші мерзімі өткен әрбір күн үшін (Қорға төленген күнді қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.

Осылайша, дара кәсіпкерлер әлеуметтік төлемдер сомасын жарты жылда бір рет төлеген кезде, салық төлеушінің дербес шоты бойынша уақтылы есептелмеген әлеуметтік төлемдер сомалары бойынша өсімпұл автоматты түрде есептеледі.

Бұл ретте, жоғарыда көрсетілгендей, берешек (оның ішінде өсімпұл) өтелмеген жағдайда Мемлекеттік кіріс органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

Осыған байланысты, сіздің банктік шоттарыңыз бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды болдырмау үшін әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлеуді сұраймыз.

​​Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button