Түркістан облысы

Мақтарал ауданында су басу қаупі бар елдімекендер айналасына бөгеттер тұрғызылуда

0
(0)

Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елдімекендер айналасына бөгеттер тұрғызылуда.
Атап айтқанда, Нұрлы жол елдімекені аумағында ұзындығы 2,5, биіктігі 1,5 болатын бөгет соғылды, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі .

Фирдоуси елдімекенінен Мырзакент елдімекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елдімекенінің аумағында ұзындығы 20 м, биіктігі 1 м. болатын бөгет жасалса, Ырысты елдімекенінде биіктігі 0,5 м, ұзындығы 40 м. бөгет соғылды. Сондай-ақ, Жантақсай елдімекенінің маңынан ұзындығы 800 м. болатын бөгет тұрғызылды.


Сонымен қатар, көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде (бөгет салуға 6000 дана қап пайдаланылған). Аталған жұмысқа 649 адам, 15 дана техника жұмылдырылған. Оның ішінде жергілікті әкімдіктен 13 техника, 15 адам, ТЖД 30 адам, Полиция Департаментінен 4 адам, 2 техника және 600-ден астам еріктілер бар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close