Түркістан облысы

Мақтаарал ауданында тағы 3 ауылды су басу қаупі бар

0
(0)

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауыл окугіндегі Өргебас ауылын қызыл су басып, М-39 «Ташкент-Термез» трассасының бойына жайылды, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі  BAQ.KZ  сілтеме жасап.

Сонымен қатар, түсауа ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне өтіп, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының егістік алқаптарын жайылуда. Осыған орай Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакентте орналасқан облыстық штаб алдағы уақытта тұрғындарды су басқан жағдайда көшуге дайын болу керектігін ескертеді.

Нақтырақ айтқанда, үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп, өздеріңізбен бірге құжаттарыңызды, жылы киім, бағалы заттар және керекті заттарыңызды әзірлеп, эвакуацияға дайын болуларыңызды сұраймыз!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close