Түркістан облысы

Түркістандық әйел: Сварщикпін десем, ел күледі

0
(0)

«Мені ешкім жұмысқа алғысы келмейді». Осылай деген Түркістан облысының тұрғыны, біздің арнамызға базынасын айтты.Бар мәселе, Айжан Исаеваның нәзік жанға жараспайтын мамандықты игеруінде болып отыр. Үйде ана, аяулы жар , түзде темірді ырқына көндірген қаракөзіміз кімнен қолдау күтеді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Айжан Исаеваның алғаш қолына ұстаған құрылыс құралы осы. Жалпақ тілде «Болгарка» дейміз. Ол, алғашында жанына серік таппай жүрген отағасына қолғабыс етпекші болыпты. Бірде жұбайының жоқтығын пайдаланып темірді өзі кесуге оқталады. Онысы тәуір-ақ шығып, кейінірек, темір дәнекерлеуді меңгерген. Содан бері өткен 4 жылда өзінің де, өзгенің үйіне де қажетті жабдықтарды жасап үлгеріпті.

АЙЖАН ИСАЕВА  ДӘНЕКЕРЛЕУШІ: «Біздер ворота істедік.Тапчан да жасадық, жүзім навес жасадық. Решотка жасадық. Общым клиент қандай заказ береді соны жасаймыз».

Айжан Исаева үйдің де, түздің де шаруасын қатар алып жүрген жан. Қосымша тігіншілкпен айналысады. Тәттілерді пісіретіні тағы бар. Медицина қызметкері де болғысы келген екен кезінде. Соңында бала күнінен икемі келетін осы салаға тоқтапты. Десек те, дәнекерлеуші әйел азаматшаны ешкім жұмысқа алғысы келмейтін көрінеді.

АЙЖАН ИСАЕВА  ДӘНЕКЕРЛЕУШІ: «Мен сварщикпін десем бетіме қарап күледі. Неге өтірік айтып тұрсың, неге ойнап тұрсың деп. Қазір көп жерде сөйтіп айтады маған. Любой жерге звондайын. Аласыздар ма десем, жаңағы әңгімені айтады. «Мазақ қылып тұрсың ба? Ойнап тұрсың ба?» дейді. Жоқ, шынымен істеймін десем, документің бар ма дейді. Ол менде жоқ».

Айжанның ендігі арманы – қолына «дәнекерлеуші» деген сертификатын алып, есігінің алдынан кішігірім цех ашу. Оның да машақаты жетерлік. 3 фазалы тоқты тарту қажет. Көршілермен ымыраға келу керек. Үсті жабық нысан болуы шарт. Қысқасы, барлығы қаржыға келіп тіреледі. Ол ақшаны алу үшін аудандық жұмыспен қамту орталығына жүгініпті. Былтыр 700-ден астам кәсіпкерді демеген орталық, биыл Айжан Исаеваға да қолдау көрсететіндігін жеткізді. Тек, теңгені бөлетін комиссия отырысы карантинге байланысты кешеуілдеп жатыр екен.

НАУРЫЗ МАҢҒАРАЕВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Құжаттарын тапсырды, қазір тек комиссияның қорытындысын күтіп отырмыз. Комиссия ертең құралады ,соған ұсынатын боламыз. Бизнес планын қорғап шықса, комиссиядан оң қорытынды алса, ақша бірден алуға болады».

Аталған мемлекеттік гранттың көлемі 555 мың теңге. Бұл қайтарымсыз қаржы. Айжан Исаева осы қаражат қолыма түссе біраз шаруаның жайғастырамын деп ниеттетіп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close