Түркістан облысы

«Мен қазақша сөйлеймін!» акциясының марапаттау рәсімі өтті

Шара ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен әлеуметтік желіде этностар арасында өтті, деп Newsroom.kz хабарлайды.

«Мен қазақша сөйлеймін!» акциясының марапаттау рәсімі Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында өтті. Акцияның арқылы үміткерлер ұлт ардақтылары Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойлары аясында олардың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқыды. Сайысқа 202 үміткер қатысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауында – қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Кентау қаласы, Қарнақ жалпы орта мектебінің 3 сынып оқушысы Нажимова Заринаға бұйырды. Бірінші орынға Қазығұрт ауданынан Суннатова Фазилат лайықты деп танылса, Кентау қаласынан Еркинова Чарас пен Жетісай ауданынан Фисенко Софья екінші орын иегері атанды. Ал Түлкібас ауданынан Тавшанова Тахмина, Кентау қаласынан Анварова Роза, Төлеби ауданынан Халмуратова Дилноза үшінші орынды иеленді.

«Мен қазақша сөйлеймін!» акциясының марапаттау рәсімі қазылар алқасының қатарында белгілі сазгер, профессор, журналист Бекжігіт Сердәлі, журналист, тележүргізуші Төребек Байтас, ақын Әйгерім Жұмабай, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ дайындық орталығы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Үржамал Ыбыраева, облыстық мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Тұрсынай Шаметова бар. Олар жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.