Түркістан облысы

Түркістанда «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті

Түркістанда «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы 18-ші рет өткізіліп жатыр, деп Newsroom.kz хабарлайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздері қайырымдылық акциясы Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді деп мәлімдеді. Жиынға Элмира Бейсенова – қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Гүлжамал Даханова – «Белсенді ұзақ өмір» орталығының директоры және Ұлжан Мұстафаева – қалалық «Аналар алқасының» төрайымы қатысып, балаларға өздерінің жылы ниеттерін жеткізді.

Іс-шара барысында 20 балаға түрлі сыйлықтар берілді. Қайырымдылық акция науқанындағы берілген сыйлықтар әр баланың өз қалауы бойынша арнайы алынған.

Одан бөлек, акция аясында 3 мұқтаж отбасына көмір жеткізілді. Жиын соңында ерекше қажеттілігі бар балалар өнерлерін ортаға салып, қуанышқа бөленді.

“Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы тек көмек алушылар үшін ғана емес, сонымен қатар көмек көрсететіндер үшін де маңызды. Бұл қиын уақытта жылы қарым-қатынас пен назарды қажет ететін адамдарды ұмытуға болмайды. “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, қарт адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Айта кетейік, аталған акция 2022 жылы басталып, дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Бұған дейін қайырымдылық акциясы 17 рет өткізіліп, 248 ерекше қажеттілігі бар балаға қамқорлық көрсетілген.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.