Түркістан облысы

Түркістан: Кентауда алғашқы көпқабатты үйлер газға қосылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысы, Кентау қаласы Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан он көпқабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлер газға қосылуға дайын, деп newsroom.kz хабарлайды.

Бүгін қала әкімі Рашид Аюповтың қатысуымен көпқабатты тұрғын үйлердің газ тарату шкафтарын газбен толтыру жұмыстары іске қосылды. Енді әр пәтер тұрғындары «КазТрансГаз Аймақ» АҚ «Кентау Газ Шаруашылығына» барып дербес шот ашу арқылы үйлерін газға қоса алады.

— Газды құбырларын жасаған мердігер жеке-жеке қосады. Ол үшін әр пәтер тұрғындары үйде болу керек. Газға қажетті пеш дайын болуы қажет. Мамандар әбден тексеріп, қосуға дайын деген кезде кезең-кезеңімен пәтерлерді қосамыз — деді Түркістан облысы бойынша «КазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының директоры Ержан Балабеков.

Қазіргі таңда Кентау қаласы табиғи газбен қамтылып, қала аумағында тұтынушы санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-на 2063 абонент тұтынушы техникалық шарт алу үшін өтініш берген. Қалада 200-ден аса абонент газбен қамтылған.

— Өте қуаныштымыз. Үйіміздің маңайына газ келді. Қала басшыларына рахмет! Айтқан уәделерін орындады. Енді құжаттарымызды дайындасақ, үйімізге газ қосылады. Жолымыз да салынды, — дейді Ш.Уәлиханов көшесінің тұрғыны Орынкүл Жолдыбай.

Жалпы қаланы табиғи газбен қамтудың ІІ кезеңі нысанында қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оны биыл тамыз айының соңында аяқтау жоспарланған.

Айта кетейік, Кентау — Түркістан облысы қарамағындағы қала, Кентау қалалық әкімдігі орталығы. Облыс орталығы Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Кентау қаласы “Қаратау тәжі” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы бар. Кентау қаласы Ащысай қорғасын-мырыш кен орнын игеру мақсатында; Хантағы мен Мырғалымсай жұмысшылар поселкілері негізінде құрылған. 1955 жылы 1 тамызда Мырғалымсай ауылын Кентау деп өзгерту туралы жарлық шықты. 1971 жылы қаланың бас даму жоспары бекітіліп, оған сәйкес Кентауда 4-5 қабатты үйлер тұрғызылды.

Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. Алайда, XX ғарыдың 80-90 жылдарындағы өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарының жабылуы қала халқының әлеуметтік тұрмысына ауыр соққы болды. Кейіннен қайта іске қосылған экскавтор зауытының күші Кеңестік уақытындағыдай жоғары деңгейге жете алмады.

Кентау – Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі. Қала экономикасындағы ірі кәсіпорындар: «Трансформатор зауыты» АҚ – еліміздегі трансформатор жасайтын жалғыз зауыт, «Экскаватор» АҚ – металл өңдеп, машина жасайды. Барий өнімдерін, түсті металл концентраттарын өндіретін «Оңтүстік түстіметалл» АҚ-қа Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кіреді. Мақта-мата өнімдері шығарылады. «Табыс» акционерлік қоғамы, «Эластополимет» АҚ резина-техникалық бұйымдарын, «Ердес-нан» АҚ нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарады. Жалпы өнім жиынтығында өнеркәсіп үлесі 55%-ды (түсті металлургия – 28,8%, электр қондырғыларын шығару – 28,5%, машинажасау – 11,9%) құрайды.

Қалада Мәдениет сарайы, орталық кітапхана, саябақ, кинотеатр, «Кентау шұғыласы», «Кентау» атты қалалық газеттері, жергілікті «Икар» теледидары жұмыс істейді. Кентау қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология, медицина факультеттерінің бөлімдері, музыка, көркемсурет, спорт, «Дарын» мектептері, мектеп-гимназия, кәсіптік-техникалық мектеп, тау-кен металлургия колледжі, агроколледж, Кентау Көпсалалы Колледж бар.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.