Түркістан облысы

Түркістан: «Zhas Project» гранттық жобасын түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшысы Ерасыл Әшірбайұлы және «Zhas Project» Түркістан облыстық жобалық кеңсесінің консультанттары Нұрғазы Оразәліұлы, Ерасыл Көшербаев аудан, қала жастарымен кездесу өткізуде, деп newsroom.kz хабарлайды.

Кездесу барысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн. теңгеге дейін гранттар берілетіні, оны алу жолы түсіндіріліп жатыр.

Атап өтейік, жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген жастары, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар мен мүгедектігі бар жастар қатыса алады.

Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және биылғы 10 тамызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, ZHAS РROJECT – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жастарға арналған бірегей бағдарлама.

2022 жылы ZHAS РROJECT пилоттық режимде Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан облыстарының аумағында жүзеге асырылуда. Аталған аймақтар NEET және әлеуметтік осал жастардың таралуын талдау негізінде анықталды.

Түркістан облысындағы ZHAS РROJECT Жобалық кеңсесінің жұмысын конкурстық негізде анықталған «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі жүзеге асырады.

ZHAS РROJECT шеңберінде жастарға өздерінің кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыруға, сондай-ақ жергілікті халыққа пайда әкелетін өз әлеуметтік жобаларын іске асыруға мүмкіндік берілді.

Түркістан облысында жастарға өз әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға 63 шағын грант бөлінді.

ZHAS РROJECT-тің негізгі мақсаттары – бұл:

жастардың осал топтарын дамыту үшін жағдай жасау;

жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық пен маңыздылық тудыратын жастар идеялары мен жобаларын анықтау және қолдау;

жас қатысушылардың әлеуметтік және кәсіптік бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыларды игеруі.

Қатысушылар: Түркістан облысының аумағында кемінде 3 ай тұрақты немесе уақытша тіркелген, 18-ден 28 жасқа дейінгі (қоса алғанда) аралығындағы жастар.

Басымдық: осал топтардан шыққан жас адамдар:

1) тіркелген жұмыссыз адам мәртебесіне ие жастар;

2) аз қамтылған отбасылардан шыққан жастар, жетімдер мен мүгедектер;

3) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жас ата-аналар;

4) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы жас аналар және көп балалы отбасылар.

ZHAS PROJECT келесіні қамтиды:

– жастардың осал топтарын қолдауға немесе жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға жастарға конкурстық негізде 1 000 000 теңгеге дейін шағын гранттар беру;

– жастарды өмірлік маңызы бар дағдыларды және жұмысқа орналасу дағдыларын дамыту бойынша оқыту;

– жастардың осал топтарымен жұмыс істеу;

– тиімді ақпараттық-түсіндіру науқанын және кері байланыс пен проблемаларды шешу тетігін іске асыру.

Сонымен қоса, ZHAS РROJECT-тің барлық қатысушылары өздерінің әлеуметтік жобаларын іске асыру кезеңінде кәсіби менторлардың қолдауына ие болады.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.